Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске қосу тапсырмасы берілген болатын.
2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Осыған орай, Талдықорған қаласының мемлекеттік қызметшілері, барлық оқу орындары, әр саладағы мамандар, қала тұрғындары диктант жазуға қатыса алады.
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.
Диктанттың мәтіні 2023 жылғы 3 мамырда жолданады.
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8 705 219 53 40
E-mail: rysbaeva71@mail/ru