16.2 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 528

Ұлттық құндылық дәнекері

Кітапхана - ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.  Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Сондай жандардың бірі де бірегейі – «Талдықорған қаласының...

Талдықорған төріндегі — «Соңғы қоңырау» салтанаты

Еліміз бойынша 1-маусым күні  жалпы білім беретін мектептерде  «Соңғы қоңырау» салтанаты өткізілді. Осы 2022-2023  оқу жылының аяқталуы  да ерекше болды. Мектептерде бұл  салтанат Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Міне, қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты!  Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, ойы мен...

Әскери түлектер ант қабылдады

Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы әскери-техникалық мектепті бітірген 24 сарбаз ант қабылдады. Олар Отан алдындағы борышын өтеу үшін 40 күннен астам арнайы әскери дайындықтан өткен. Салтанатты шараға аймақтағы Қарулы Күштер саласының ардагерлері, мектеп бітіруші түлектердің туыс-туғандары және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Алдымен сап түзеген сарбаздар арасынан адымдап алдыға шыққан азаматтар жеке-жеке Қазақстан мемлекетіне адал қызмет етуге ант...

Тарихқа тағзым

Елімізде 31 мамыр ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығында арнайы іс- шара өтті. Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен  басқосуға ардагерлер,  халық  қалаулылары,  тарихшылар, ұстаздар мен студент жастар қатысты. Бір минуттық үнсіздікпен басталған шарада жиналған қауым алдымен Жетісу университетінің алдындағы Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына Құран бағыштады. Шара соңы Талдықорғандағы...

Балалардың жазғы сауықтыру лагері жұмысы жанданады

Жаз  айы келді. Оқушы балалардың жазғы демалысы басталды. Әр ата-ананың ендігі уайымы оқудан қолы босаған баланың бос уақытын қалай өткізуге болады деген сұрақ мазалайды. Ал биыл оқушылар үшін жазғы лагерлер ұйымдастырыла ма деген сауалға Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен «Балалардың жазғы сауықтыру лагері»  атты брифинг барысында жауап таптық. Бүгінгі күнде  Жетісу облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарында 128758 оқушы...

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Жетісу жерінде талқыланды

Жетісу облысында  « Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» атты  II Азаматтық форум ұйымдастырылды. Талдықорғандағы «Атамекен» ҰКП ғимаратында өткен жиынға еліміздің барлық аймағынан қоғамдық ұйымдардың  өкілдері, кәсіпкерлер,  бизнес жобаға қатысушылар келіп өзара тәжірибе алмасып, пікірлесті. Жалпы айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдықө даму министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және 17 облыстық, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының...

31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің Twitter парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды өзге басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online. kz. "Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды...

Күй тілі

Алматыда  танымал күйші, белгілі композитор,  шығыс шертпе күй шеберлерінің бірі де бірегейі Аршын Кәсімбайұлынның «Күй тілі» атты шығармашылық кеші өтті. Бас шаһарда Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның ғимаратында өткен  өнер кешінде Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі автордың 20-дан астам туындысын орындап тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Оркестірдің көркемдік жетекшісі, бас дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева. Кештің дирижері...

Сынға толы тағдыр

Елі үшін қуғын мен сүргінге түсіп, елдің азаттығы жолында  жанын пида еткен арда азаматтар қаншама?!   Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды.  Ол ең алдымен зиялыларға, аз да болса малы бар ауқатты адамдарға ...

Майданға ұшақ ұшырған батыр ата

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында елге аты мәшһүр, қиын кезде батылдық танытып қан майданға ұшақ жіберген  Есжан Берліқожаұлындай батыр аталарымыз болған. Бүгінгі жас өркен  бұл кісі туралы білуі тиіс деген ниетпен әрі сол кісі өзі атсалысып, іргетасын қаласқан ауылдың  90 жылдығына орай осы мақаланы жазып отырмыз. Есжан Берліқожаұлы 1894 жылы дүниеге келіп, 1960 жылы қайтыс болған.  1942 жылдан КОКП кеңесінің...