Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Жетісу жерінде талқыланды

1653

Жетісу облысында  « Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» атты  II Азаматтық форум ұйымдастырылды. Талдықорғандағы «Атамекен» ҰКП ғимаратында өткен жиынға еліміздің барлық аймағынан қоғамдық ұйымдардың  өкілдері, кәсіпкерлер,  бизнес жобаға қатысушылар келіп өзара тәжірибе алмасып, пікірлесті. Жалпы айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдықө даму министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және 17 облыстық, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының ішкі саясат  және қоғамдық даму басқармаларының басшылары, ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық кеңестердің төрағалары, бизнес пен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш  республикалық жиынды Жетісу облысы Азаматтық Альянсының президенті Дания Қыдырбаева ашып, жүргізді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Башбаев өз сөзінде, форумның негізгі мақсатына тоқталды. Бұл басқосудың мақсаты- облысымыздағы мемлекеттік органдар мен «үшінші сектордың» өзара ынтымақтастығының оңтайлы тәжірибелерін кеңінен тарату, осы бағытта ҮЕҰ мен облыстық мемлекеттік органдардың жұмыстарына жаңа қарқын беру болып табылады.

Қазіргі кезде жаңадан құрылған Жетісу облысында 377 үкіметтік емес ұйымдар, 30 этномәдени орталықтар, 56 бұқаралық ақпарат құралдары, 7 саяси партиялардың облыстық филиалдары бар. Осы екі күндік форум аясында өңірімізде іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар көрмесі де  келушілер назарына ұсынылды. Үздік жобаларды секцияларға бөлініп талқылады.

Сондай-ақ, жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Г.Сұлтанова,  Қазақстан Азаматтық Альянсы атынан Б.Нұрғазиева, «Азаматтық  жобаларды қолдау орталығы» басқарма төрағалығы атынан А.Оспанова және де басқа спикерлер сөз алып, баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар ортаға салынды.  Форумның күн тәртібіне сәйкес, Азаматтық жиынның  қатысушылары Үндеу қабылдады.  Форум қатысушылары болашақта қазақстандық азаматтық қоғамды шоғырландыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ және бизнестің жалғастыратындығына сенім білдірді.

Өңіріміздің азаматтық қоғам институттары мемлекеттің стратегиялық серіктесі және тірегі ретінде көптеген  істерді атқарып келеді. Бұл ретте облыстың қоғамдық ұйымдары айтарлықтай үлес қосуда. Форум  барысында «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2023»  байқауының жеңімдарына марапат табысталды.  Байқау  нәтижесінде 10  үздік әлеуметтік жоба жеңімпаздары, мәселен, «Мейір-Талдықорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Жас буын» ҚБ шағын тігін шеберханасының жобасы, инклюзивті тегін білім беретін «Мамания өнер мектебі»  шығармашылық этноорталығының   т.б .жобалар үздіктер қатарынан көрінді.

                                                                                                        (Фото автора)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз