20.4 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 500

Ұлт болашағы — ұрпақтан

Ұлтымыздың ұлы мерекесі-Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ  «№7 бөбекжай бақшасы»МКҚК қабырғасында «Жасампаз жылдар-жарқын болашақ тұғыры!» тақырыбында  танымды да тағылымды шара өтті. Әр мерекеге аса мән беріп, оның өскелең ұрпаққа  зор үлгі болуын жіті назарында ұстайтын аталмыш  тәрбие ордасының басшысы, халық қалаулысы-Гүлниса Тұлымшақова салтанатқа  өздерімен тығыз байланыста еңбек етіп жүрген  серіктес мекемелердің...

Отанды сүю- отбасынан

Мемлекетіміздің тәуелсіздіктің көк байрағын желбіретіп,төрт құбыласын түгендеп,іргелі елге айналуы оның халқының берекесі мен бірлігінде.Сол құндылықтардың түп - тамыры-отбасынан басталатыны белгілі.Қазақтың шұрайлы тілін ана әлдиімен бойына бесіктен сіңіріп өскен жас құрақтыңОтанына,халқына,жеріне,тіліне деген құрметі зор боларына күмән жоқ. Талдықорған қаласында парасаттылық үлгісін көрсетіп, үлкенге –құрмет,кішіге –ізет танытумен қатар, өнерлі өрендерді тәрбиелеп отырған жас отбасылар көптеп саналады. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Талдықорған  қаласы...

Бір адамның тағдыры — мың адамның тағдыры

Талдықорған қаласы әкімдігінің жанынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылып,жұмысын жүргізуде.Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Абибеков Бауыржан Бақытұлы төрағалық ететін комиссияның құрамына: Аналар кеңесі,қалалық ішкі саясат бөлімі,қалалық емхана,қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі,облыстық перинаталдық орталық, кәсіпкерлік бөлімі, «Жанұя» әлеуметтік орталығы, «Мүшелтой» балалар және жасөспірімдер клубы,қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы,қалалық білім бөлімі, «Ана...

Өркениет көшіне ілескен ел

Биыл  Бикен  Римова  атындағы  Талдықорған театрының ашылғанына 48 жыл. Бұл бір азаматтың ер жетіп, ес жиятын, өзіне ғана емес, өзгеге де жөн сілтеп, жол көрсететін дер шағы. Шымылдығын ҒабитМүсі­репов­тің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы­мен» ашқан театр бұл аралықта көптеген әлемдік және қазақ драма­тургиясының классикалық шығар­ма­ларын сахналады. Тағдыры түрліше болған әрилы кейіпкерлердің жанын ұғып, бірде қайғы арқалап, бірде балаша шаттанып, жан...

Тәуелсіздік — ұлы ұғым

Сандуғаш Сейлғазинова, №42 балабақша меңгерушісі: Кез келген қоғам үшін оның біртұтастығы, дербестігі, тәуелсіздігі маңызды болып табылады. Себебі, тәуелсіздік – ұлы ұғым. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен бұл сәттің қалай келгенін баршамыз  білеміз. Бүгінгі бейбіт өмір үшін бабаларымыздың алдында қарыздармыз, осыны естен шығармағанымыз абзал.  «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз тегін...

Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік

Салтанат Жанабердиева Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің директоры:  Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды. Еліміз  кемелденген, қуатты мемлекетке айналды. Бүгінде  бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Елорданы Сарыарқаның төріне көшіру еліміздің геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және...

Ащы термен келген тәтті жеңіс

Гүлниса Тұлымшақова, қалалық мәслихат депутаты: Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.  Егеменді ел болғандығымызды тәңірдің берген үлкен сыйы деп қабылдауымыз керек. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім бере салған жоқ. Ұшса құс қанаты талатын кең байтақ жердің барлығы бабаларымыздан мұра болып қалған. Бүгінгі буын осыны білуі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті...

Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі

Әділет Рымтаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: Тарихы тереңде жатқан елдің  өз алдына қайта егеменді ел болған күні - Тәуелсіздік күні. Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі болған бұл күннің мәртебесі барлығынан асқақ. "Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!" - деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды.  Бұл күнге қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткердік. Егемендік жолындағы халқымыздың көрген бейнеті мен тартқан тауқыметі...