Биыл Бикен Римова атындағы Талдықорған театрының ашылғанына 48 жыл. Бұл бір азаматтың ер жетіп, ес жиятын, өзіне ғана емес, өзгеге де жөн сілтеп, жол көрсететін дер шағы. Шымылдығын ҒабитМүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуымен» ашқан театр бұл аралықта көптеген әлемдік және қазақ драматургиясының классикалық шығармаларын сахналады.
Тағдыры түрліше болған әрилы кейіпкерлердің жанын ұғып, бірде қайғы арқалап, бірде балаша шаттанып, жан дүниеңді қопарып, ойлантқан мәртебелі өнер ұжымы 48 жыл Жетісу халқымен бірге жасасты. Өзі де ел-жұртпен бірге тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бір кідіріп, бір серпілді. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жеті жыл толған сәтте облыс әкімшілігінің қолдауымен Б.Римова атындағы шығармашылық ұжым жаңа ғимаратқа көшті. Су жаңа нысанда әртістер ең алғаш ұлы Абайдың 175 жылдығына орай М.Әуезовтің «Абай» трагедиясы мен М.Бецуякудің «Деніңіз сау ма?»абсурдынсахналады. Сол сәттен бастап өнер ұжымына жаңа ғимарат тың серпіліс бергендей. Бүгінгі күнге дейін театр әртістері Бикен апамыздың атын сонау ТҮРКСОЙ-ға дейін ұлықтап, абыройын асқақтатып келеді. Театр – үлкен ұжымнан тұратын, сол әртістер арқылы әрбір кірпіші қаланып тұрған қара шаңырақ. Сахнадағы ең үлкен жауапкершілік қашанда әртістерге артылатыны белгілі. Бұл тұрғыдаБикен апа театрының актерлері осы жауапкершілікті анық сезіне алады.Оған Алмахан Кенжебекова, Серік Нұрхалық, Әлихан Ыдырышева, Кендебай Темірбайұлы, АманҚожабеков, Мәкен Нұрмұхамбетова, Мұса Әжібеков, Базарбек Тоқымтаев, Сағындық Жұмаділ, Ғалия Темербаева бастаған сақа өнер иелерімен ұрпақ сабақтастығын жалғап келе жатқан орта буын Абай Нұғманов, Аян Қожбанова, Сандуғаш Мұңайтпасова, Дастан Пышанов, Ақмарал Тулеуова, Роза Қапашева, Динара Махмет, Ерлік Қалибек, Еркебұлан Айдымбаев сынды актерлердің еңбегі мен олардың ізін басып келе жатқан Ақерке Мұстафаева, Айгерім Бекбулатова, Мейіржан Нұров, Улдар Актураева, Әлішер Тайболатов, Шалқар Мукен, Ариза Асқарова, Аружан Атен және т.б. жастардың талпынысы мен ізденісі дәлел болады.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған азаттығына ие болғанымызға биыл отыз екі жыл толып отыр.Тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігі күннен-күнге оңалып, жаңа қадам басқан сайын өзгерістер мен даму үстінде. Осындай мерейлі мерекеде еліміздің даму жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды құттықтағым келеді! Ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін!
Ерлік ЖУАСБЕК, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры