Отанды сүю- отбасынан

205

Мемлекетіміздің тәуелсіздіктің көк байрағын желбіретіп,төрт құбыласын түгендеп,іргелі елге айналуы оның халқының берекесі мен бірлігінде.Сол құндылықтардың түп — тамыры-отбасынан басталатыны белгілі.Қазақтың шұрайлы тілін ана әлдиімен бойына бесіктен сіңіріп өскен жас құрақтыңОтанына,халқына,жеріне,тіліне деген құрметі зор боларына күмән жоқ. Талдықорған қаласында парасаттылық үлгісін көрсетіп, үлкенге –құрмет,кішіге –ізет танытумен қатар, өнерлі өрендерді тәрбиелеп отырған жас отбасылар көптеп саналады.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Талдықорған  қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ және «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Отбасылық құндылықтарды насихаттау,өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық,адамгершілік құндылықтарды сіңіру,жегіқұрттай болған жемқорлық пен жеңұшынан жалғасқан сыбайласқан қылмысқа қарсы тұруды балаға жастайынан үйретуді мақсат тұтқан байқауға шаһарамыздан 3 жас отбасы қатысты. Қатысушыларға сәттілік тілеген  Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары, әділ қазылар алқасының төрағасыҚожабеков Мұратбек  Қабылбекұлы имандылық,ізгілік,әдептілік қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде осындай байқаулардың да маңызы ерекше екенін атап өтті.5  кезеңнен тұратын сын барысында жанұя мүшелері өздерін жан- жақты таныстыра отырып,өнерлерінортаға салды. Ұйымдастырушылар тарапынан (адалдық,парасаттылық,адамгершілік) тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беріп,плакаттарға сурет салу, отбасы туралы бейнероликтер әзірлеу сынына да асқан жауапкершілік таныта отырып қатысты. Байқау барысында Абылай Қожақовтың отбасы ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен ғана таңқалдырмай,жанұясымен ұлттық аспаптарда асқан шеберлікпен ойнай алатындарын көрсетті. Дастан Амировтардың жанұясы да отбасындағы береке,бірлігін байқау талаптарына сай паш ете білді. Данияр Тарихов- отбасындағы құндылықтарға ерекше мән бере отырып,мемлекеттік қызметті де абыроймен атқарып жүргенін әр ісінен көрсетуге тырысты.Байқау қорытындысында  Тариховтар отбасы-бірінші,Қожақовтар отбасы-екінші, Амировтар отбасы –үшінші жүлделі орындарды иеленіп, ақшалай марапаттар тапсырылды. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай,ел тірегі болатын жас ұрпақты бірлесіп тәрбиелесек,болашағымыз да айқын әрі жарқын болмақ.

Гүлжанат Нұршанова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз