Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі

204

Әділет Рымтаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: Тарихы тереңде жатқан елдің  өз алдына қайта егеменді ел болған күні — Тәуелсіздік күні. Өшпес рух пен қайсарлықтың жемісі болған бұл күннің мәртебесі барлығынан асқақ. «Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!» — деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды.  Бұл күнге қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткердік. Егемендік жолындағы халқымыздың көрген бейнеті мен тартқан тауқыметі жарқын күндерді сыйлады. Нәтижесінде бүгінгі таңда азат мемлекетпіз. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз