Ащы термен келген тәтті жеңіс

207

Гүлниса Тұлымшақова, қалалық мәслихат депутаты: Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.  Егеменді ел болғандығымызды тәңірдің берген үлкен сыйы деп қабылдауымыз керек. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім бере салған жоқ. Ұшса құс қанаты талатын кең байтақ жердің барлығы бабаларымыздан мұра болып қалған. Бүгінгі буын осыны білуі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті бір Қазақстан халқына Жолдауында: «Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет»-дегені бар. Өркениет көшіне ілескен егемен еліміздің дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек ету азаматтық борышымыз деп білемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз