Тәуелсіздік — ұлы ұғым

224

Сандуғаш Сейлғазинова, №42 балабақша меңгерушісі: Кез келген қоғам үшін оның біртұтастығы, дербестігі, тәуелсіздігі маңызды болып табылады. Себебі, тәуелсіздік – ұлы ұғым. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен бұл сәттің қалай келгенін баршамыз  білеміз. Бүгінгі бейбіт өмір үшін бабаларымыздың алдында қарыздармыз, осыны естен шығармағанымыз абзал.  «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз тегін айтылмаса  керек. Ендігі мақсат – ғасырлар бойы бабалар арманы болған тәуелсіздікті қастерлеу, бағасына жету. Ел  іргесі берік болып,  егемендігіміз мәңгілік болсын! Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз