Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік

165

Салтанат Жанабердиева Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің директоры:  Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды. Еліміз  кемелденген, қуатты мемлекетке айналды. Бүгінде  бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Елорданы Сарыарқаның төріне көшіру еліміздің геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына жаңа екпін берді. Білім, денсаулық, экономикадағы шағын және орта бизнестің дамуы, индустриялық, интеграциялық, цифрлық-технологиялық өркениеттегі жетістіктер, қазақ өнері мен мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуі – бәрі де Тәуелсіздіктің жемісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз