18.3 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 14 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 492

Талдықорғанда көгілдір газ беру жүйесі қалпына келтірілді

Еске салсақ, 18 қаңтар күні сағат 22:30-да белгісіз адам газ құбырының қақпағын сындырып, жоғары қысымды жерасты газ құбырын жауып тастап, соның салдарынан Талдықорған қаласының "Көктал", "Шығыс" шағын аудандары мен Еркін ауылының 3 мыңнан астам абоненті көгілдір отынсыз қалған болатын.  Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  хабарлауынша,  әлеуметтік нысандар алғашқы 2 сағаттың ішінде резервтік жылыту көзіне қосылды. Апат болған сәттен...

КАНВОН-2024: БҮГІН КІМДЕР ЖАРЫС ЖОЛЫНА ШЫҒАДЫ?

Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген Тау шаңғысы спорты. 06:00. Супер-гигант қыздар Скороходова Александра 07:20 Супер-гигант жігіттер Хохлов Ростислав 10:00. Супер-гигант қыздар Скороходова Александра 11:15 Супер-гигант жігіттер Хохлов Ростислав Шорт-трек 12:00. Жігіттер/қыздар. 500 метр. Толеген Мейржан Шынгысхан Ерасыл Омельчук Полина Астраханцева Анастасия Конькимен жүгіру спорты 08:00 Жігіттер/қыздар. 500 метр Жанадилов Руслан Матрюхин Михаил Шумекова Кристина Шумекова Алина Хоккей. 4 Раунд. Қазақстан - Дания 5 Раунд. Қазақстан - Тайвань Арсений Кучковский Никита Кулаков Темірлан Айболұлы Матвей Решетько ...

ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ АЛТЫН

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды. 1.Илья Мизерных — 214 ұпай 2.Ники Хаммл — 210,7 ұпай 3.Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай 30.Илья Шильников — 124,4 ұпай «Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных...

Ескерткіштер- елдіктің бейнесі

« Өз елі өз  ерлерін  ескермесе, Ел тағы қайдан алсын  кемеңгерді» – деп,  ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, еліміз үшін жандарын пида еткен алып тұлғаларымызды әрқашан  мақтанышпен  үлгі тұтамыз. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында  Талдықорған  қаласында кейінгі жылдары жаңадан бірнеше ескерткіштер бой көтерді. Бұл біріншіден қаламызға көрік берсе, екіншіден,  «Мәдени мұра»бағдарламасының іске асуын көрсетеді. «Мәдени мұра» бағдарламасын сыныпта танысып, талқыладық. Оның  әрбір...

Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері көрсетілуде

Бүгін  Жетісу ақпараттық алаңына  келген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жансеңгіров Арман Серікұлы келіп БАҚ өкілдеріне өткен жылы атқарылған жұмыстар турасында баяндады.  Арман Серікұлы: "Өткен  2023 жылы Денсаулық сақтау басқармасы облыс әкімдігімен бірлесе отырып көптеген жұмыстар атқарды.  Мәселен, өткен жылы біз 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысын бастадық, бүгінде бір нысан халыққа пайдалануға берілді, бұл Ақсу ауданы Сағабуйен ауылының ауысымында...

Оқушылар Мұхаметжан Тынышбайұлы аталарының еңбегімен танысты

«Біртұтас тәрбие бағыты» бойынша қазақ даласының тарихы мен ұлы тұлғаларының өмірімен таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Талдықорған қаласының мектептерінде көптеген жұмыстар қолға алынып отыр.  Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің сынып жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы және тарих пәні мұғалімі Рысбаева Фариза Амандосқызы жетекшілігімен 8 «Г» сынып оқушылары қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің...

Жаңадан құрылған Алатау қаласы туралы не білеміз?

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілегені туралы хабар тарады.  Президентіміз Қ.Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ақпаратқа біреулер таңқалса, енді біреулері  экономикалық жағынан тиімді деген тоқтамға келді.  Президенттің Алатау қаласын құру туралы шешімі барлық бағытта дамуға бірегей мүмкіндік беріп, ішкі және халықаралық даму...

Жасанды интеллект элементтері бар жаңа цифрлық сервистерді әзірлеу талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың өмір сүру сапасы мен бизнестің жағдайын жақсарту жөніндегі цифрлық бастамаларды іске асыру барысы қаралғанын хабарлайды taldykorgan-online.kz өзге желілік басылымдарға сілтеме жасап. Өткен жылы ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес азаматтар өмірінде және бизнес жұмысында кездесетін жағдайларды кешенді цифрландыру...

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қыркүйекте өтеді

Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының...

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ КАНВОНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ҚАЛАШЫҒЫН АРАЛАДЫ

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Канвон провинциясының Каннын қаласындағы Олимпиада қалашығына барып, спортшылар және бапкерлермен кездесті. Ермек Маржықпаев IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға келген атлеттеріміз орналасқан бөлмелерді аралап, жалпы жиналыс өткізді. «Бәріңізді осында, жарыс өтетін жерде көргеніме қуаныштымын. Қаншама қонақ пен спортшылардың келгенін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Барлығы 70-тен астам елден 1800-ге жуық спортшы бар. Сіздерге...