ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ АЛТЫН

120

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.

1.Илья Мизерных — 214 ұпай
2.Ники Хаммл — 210,7 ұпай
3.Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай
30.Илья Шильников — 124,4 ұпай

«Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!»,– деді Ермек Маржықпаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз