Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері көрсетілуде

365

Бүгін  Жетісу ақпараттық алаңына  келген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жансеңгіров Арман Серікұлы келіп БАҚ өкілдеріне өткен жылы атқарылған жұмыстар турасында баяндады.

 Арман Серікұлы: «Өткен  2023 жылы Денсаулық сақтау басқармасы облыс әкімдігімен бірлесе отырып көптеген жұмыстар атқарды.  Мәселен, өткен жылы біз 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысын бастадық, бүгінде бір нысан халыққа пайдалануға берілді, бұл Ақсу ауданы Сағабуйен ауылының ауысымында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория.  Қалған нысандар  Ақсу ауданы Алтынарық ауылы, Алакөл ауданындағы Қамысқала ФАП, Талдықорған қаласындағы тез салынатын модульдік инфекциялық аурухананың ас блогы мен кір жуатын орны ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады. Сондай-ақ,  Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, Ақсу аудандық орталық ауруханасын сейсмикалық тұрақтылығын күшейту, Талдықорған қаласында (емхана) арнаулы мемлекеттік органға арналған әкімшілік ғимарат салу және Панфилов ауданы Шежін ауылында бір ауысымда 15 адам қабылдайтын ФАП нысандары 2024 жылға жоспарлануда. Бұдан басқа, 2023 жылы жоспарланған 27 блокты-модульдік кешеннің 22-сі қолданысқа берілді»,-деді.

Спикер  2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарланып отырғандығына тоқталды.  Оның шеңберінде 8 ауданда 59 денсаулық сақтау объектісі іске қосылады.

Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту мақсатында 2023 жылы 3,9 млрд. теңге бөлінді.

  «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы арқылы 300 бірлік медициналық техника сатып алынды және жеткізілді.

  Сондай-ақ, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараты, отоакустикалық эмиссия аппараты, жиынтықтағы жоғары жиілікті электрокоагулятор,  гемодиализ аппараты – 1 дана, ұрық мониторы (ҚТГ) – 2 дана, наркозды-тыныс алу аппараты, өкпені инвазивті емес желдету жүйесі жаңа туған нәрестелерде Infant Flow Sipap — 2 дана, жүрекке жанама массаж жасауға арналған тағы да басқа  аппараттар қолданысқа берілген. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 санаттағы қоңырауларға қызмет көрсету үшін 750,0 млн. теңге сомасына 29 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Облыстың медициналық ұйымдарының инфрақұрылымын жаңарту, материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту нәтижесінде 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім 2,1% — ға төмендеді.

Облыста жас мамандарды тарту және жақын жерде ғана емес, алыс шетелде де білім деңгейін арттыру арқылы кадрлар тапшылығы мәселесі шешілуде. Жалпы өңірдегі  медициналық ұйымдарында 1894 дәрігер мен 6820 медбике жұмыс істейді. Кадр тапшылығы 186  маманды құрайды, оның ішінде қала — 87, ауыл — 99. Ең үлкен тапшылықты жалпы практика дәрігерлері – 32, акушер-гинекологтар – 18, педиатрлар – 15, анестезиологтар-реаниматологтар – 15 және басқа мамандар құрайды.  Сонда болса өткен жылы 86 мамандармен толықты, оның 8 резидент.

Сұранысқа ие бейіндегі медицина мамандарын даярлау мақсатында 2023-2024 оқу жылына 45 резидент оқуға түсті. Тәжірибе алмасу үшін мамандар шетелдік клиникаларға жіберілуде.  Облыстық клиникаларда емдеу мен диагностиканың жаңа заманауи технологиялары енгізілуде.

Облыстық көпсалалы клиника (ОКК — онкология) – мидың қатерлі ісіктерінде, өкпе, бауыр, ұйқы безі, бүйрек ісіктерінде өңірлік артерияішілік химиотерапия сияқты емдеу түрлері жүргізіледі.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында 2023 жылдан бастап бұрын жүргізілмеген операциялар, мысалы, есту қабілетін жақсарту операциялары (барлық түрдегі тимпанопластика), есту сүйектерін протездеу, мұрын қуысында эндоскопиялық операциялар және сыртқы тіліктерсіз параназальды синустар сәтті жүзеге асуда. Ал,  Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың базасында 2023 жылы лапароскопиялық операция түрлері жүргізілуде. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жататын қызметтердің жалпы саны 10 түрге дейін жеткізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз