20.7 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 488

Маңызды кезеңдер

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы-қоғам дамуының әртүрлі салалардағы қарқынды өзгерістермен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында біздің еліміз үшін ең басты құндылықтар-саяси өмірдегі өзгерістер болды. Қазақстан-егемен,тәуелсіз мемлекетке айналды.1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында жаңа мемлекеттің негіздерінің қалыптасуы басталды. Осы орайда саяси ғылымдардың кандидаты, философия докторы, Құрметті Профессор,Қаратал ауданы және Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Тимур Биғожановпен сұқбаттасқан едік. -...

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

Жетісу облысы бойынша өткен жылы қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік есепте 6700-ден астам пациент тұрса,  олардың ішінде 555 әйелден жатыр мойны обыры анықталған. 331 әйел клиникада 5 жылдан бері дәрігерлер бақылауында.          Жетісу облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым  Оразбекова  мен облыстық  көпсалалы клиниканың амбулаториялық-емхана қызметінің меңгерушісі Индира Қалиева өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңында  жатыр мойны обырының алдын алу үшін уақтылы тексерілу...

Талдықорғанда иттерді аулау мәселесі шешілетін болады

Жетісу облысының ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсанындағы № 97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру мақсатында, 2023 жылы бекітілген 5 бағдарламаларын (010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жансыздандыру жұмыстарын жүргізу», 032 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау», 033 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру», 034 «Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру», 035 «иелері...

Талдықорған қаласының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

   Талдықорған қаласының  әкімі Ернат Дүйсенбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көпшілік тұрғындардың сұрақтары тұрғын үй кезегі, әлеуметтік салаға және ауланы абаттандыру, жер мәселесіне қатысты сұрақтар болды. Әкімге азаматтардың келу саны 43 адамды құрады. Қала басшысы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша басшыларға тиісті тапсырма берді.  

Талдықорған қаласында «Jetisu book fair» кітап жәрмеңкесі өтеді

2024 жылғы 25-29 қаңтар күндері аралығында сағат 10.00-ден бастап Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесі өтеді. Кітап жәрмеңкесін Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастыруда. Кітап жәрмеңкесі облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар мен мерейтой иелерінің кітап көрмелерімен таныстырудан басталады. Жәрмеңке аясында көпшілік үшін «Muzycal party» класcикалық...

Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі өндірістік бақылау

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру және тәрбиелеу объектілерінде (балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдар) міндетті түрде өндірістік бақылауды жүргізуқажет болып табылады.Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 07.05. 2023 жылы № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында...

Министр өңірлерде жер сілкінісі неше балдан болғанын айтты

 ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысы кезінде Алматыда жақын арада жойқын зілзала болмайтынын айтты. Бұл туралы taldykorgan-online.kz  желілік басылым Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Ол зілзала эпицентрі Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болғанын атап өтті. Өткен түнде Алматыда 5 балдық, Шымкентте 2, Жамбыл облысында 2-3 балдық және Жетісу облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын...

Премьер-министр Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды. Үкімет басшысы түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық ұйымға тапсырма берді,-деп хабарлайды ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz Кеңесте премьер-министр ТЖМ-дан әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға дейінгі барлық қызмет жер сілкінісіне ден қойғанын атап өтті. "Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы...

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар...

Бірнеше аймақта жер сілкінісі тіркелді

Бүгін түнде жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап  taldykorgan-online.kz. Бүгін түнде Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезінді. Кейбір аудандардың тұрғындары жер сілкінісінің кемі 5 минутқа созылғанын хабарлады. Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 5 балл. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, Алматыдан бөлек, Астанада, ШҚО,...