Маңызды кезеңдер

138

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы-қоғам дамуының әртүрлі салалардағы қарқынды өзгерістермен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында біздің еліміз үшін ең басты құндылықтар-саяси өмірдегі өзгерістер болды. Қазақстан-егемен,тәуелсіз мемлекетке айналды.1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында жаңа мемлекеттің негіздерінің қалыптасуы басталды. Осы орайда саяси ғылымдардың кандидаты, философия докторы, Құрметті Профессор,Қаратал ауданы және Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Тимур Биғожановпен сұқбаттасқан едік.


— Тимур Қапасұлы, сол кезеңдерді еске алып,,мәслихаттардың құрылу
тарихына тоқталсаңыз.
— Маңызды жылдарға көзжүгіртсек,еліміздің Жоғарғы Кеңесі «Жергілікті
өкілді және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады,ол мемлекттік
органдардың атауына,құрылымына және қызметіне елеулі өзгерістер енгізді.
Жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар,ал жергілікті атқарушы органдар-
жергілікті әкімшілік,әкімдік деп атала бастады. Өкілді органдардың
қалыптасуының маңызды кезеңдеріне назар аудара отырып, 1994 жылғы
наурызда өткен жергілікті өкілді органдары-мәслихаттарға сайлауды атап өту
қажет. Бұл сайлау демократиялық сипаттағы,яғни алғашқы бәсекелестік
сайлау ретінде өтті. Жергілікті халықтың еркін білдіретін сайланбалы орган
ретінде Мәслихаттарға өз қызметін регламенттейтін заңдар шеңберінде
жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функциялары берілді.
Тәй-тәй басып, өз егемендігін дамыған мемлекеттермен терезесін тең
етуге ұмтылған еліміздің аяғынан нық тұруына қатысты қиындықтар
болмады деп айта алмаймыз,осы тұрғыда ойыңызды білсек.
— Егемендіктің қалыптасуының басында біздің еліміз әлеуметтік дамудың
барлық салаларында,оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың жұмысында
да көптеген күрделі қиындықтарға тап болды. Жаңа органның
қалыптасуының оңай түспегені мәслихаттардың жұмысын ұйымдастырудың
бастауында болған ардагерлердің есінде. Көпшілігі,өкілдік органның
«мәслихат» деп аталуын,сондай-ақ,оның халық депутаттары кеңесінен
айырмашылығын және атқаратын функцияларын түсіне алмады. Тек,Заң
және оның негізгі ережелерін білу-өкілетті органдар-мәслихаттардың
жұмысына байланысты сұрақтарға жауап берді. Жаңа мемлекеттік құрылымда тәжірибелі мамандар аз болды. Мәслихаттар сайланбалы орган
ретінде өз құзіреті шегінде қызметін жүзеге асырды және жоғарыдағы
Мәслихаттармен өзара тікелей бағынысты болмады. 2001 жылғы қаңтарда
Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды
қабылдады. 2004 жылы қолданыстағы Заңға толықтырулар мен өзгерістер
енгізілді. Мәслихаттарға Қазақстан Республикасының Конституциялық
Заңына сәйкес,саяси партиялардың ұсыныстары негізінде аумақтық және
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау өкілеттігі берілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және ҚР Заңдарында
көрсетілген негізгі талаптармен қатар,Мәслихаттар депутаттарының
жұмысында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
пен қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
реформаторлық бағытын іске асыруға белсенді қатысу маңызды орын алды.
— Бүгінде мәслихаттардың ел өмірінде алар орны ерекше.Бюджет
қоржынындағы қаражаттың дұрыс бөлінуі, халықтың әл-ауқатының
артуы,олардың әлеуметтік жағдайы да депутаттар назарында деп айта
аламыз.
-Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл
кезеңі»атты Жолдауында «Жергілікті ресурстардың оңтайлы жұмсалуын
қадағалауға өкілді органдар-мәслихаттарға жүктелген,бірақ олардың
пікірлері жиі ескерілмейді»деп атап өтті. Ондаған жылдар бойы шешімі
табылмаған өңірлерді дамыту мен жергілікті мәселелерді шешу жөніндегі
петицияларды қамтамасыз ету және қол жинау функцияларын мәслихаттарға
бөліп беру мүмкіндігі орынды деп санаймын деді. Сондай-ақ,ол
мәслихаттардың тексеру комиссияларын күшейту қажеттігіне тоқталды. ҚР
Үкіметіне және Есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер топтамасын
дайындау тапсырылды,мәслихаттар отырыстарының міндетті онлайн-
трансляциясын енгізу қажет. Халық қалаулыларының
пікірталастары,олардың қоғамдық-саяси келбеті қоғамнан «Жеті мөрдің
артындағы құпия» сияқты болмауы керектігін атады. Жергілікті мемлекеттік
басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кезең-
кезеңімен бөлінуі ұсынылады. Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мәртебесін,жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттыру қажеттігін атап
өтті. Жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерге қатысты,олардың пікірлерін
аудандық,қалалық мәслихаттар нақты шешімдер қабылдау үшін ескеруі

қажет. Жалпы алғанда,тарихта билікті бөлу теориясы көне және орта
ғасырдан бастау алады. Оның негізінде мемлекеттік биліктің бір-біріне
тәуелсіз заң шығарушы,атқарушы,сот жүйесі функцияларының жиынтығы
болып табылады. Мұның бәрі демократиялық даму жолында қолданыстағы
нормативтік-құқықтық және заңнамалық базасы аясында атқарып жатқан
тәжірибесі негізінде өз өкілетттіктерін жүзеге асыру үшін,өкілді органдарға
зор мүмкіндік береді. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары құрылып,ел
игілігіне қызмет етіп келе жатқан мәслихаттардың қызметі алдыңғы қатарда
тұратыны анық. Мемлекеттік биліктің жалпы жүйесінде мәслихаттардың рөлі
мен орны айқындалғанын.олардың өкілеттіктері айтарлықтай кеңейгенін
және өңірлік міндеттерді шешу үшін халық сайлайтын органдар ретінде олар
жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып табылатынын атап өту қажет.
-Сұқбатыңызға рақмет.
Айгүл Молдалімқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз