Талдықорғанда иттерді аулау мәселесі шешілетін болады

354

Жетісу облысының ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсанындағы № 97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру мақсатында, 2023 жылы бекітілген 5 бағдарламаларын (010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жансыздандыру жұмыстарын жүргізу», 032 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау», 033 «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру», 034 «Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру», 035 «иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру») орындау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп,  мемлекеттік сатып алу порталына баға беруге қойылды.  Өнім берушілері анықталып осы жоғарыда аталған бағдарламалары бойынша жұмыстар атқарылған.

2023 жылы алғаш рет жануарларға жауапкершілікпен қарау жүйесі енгізілді (аулау-зарарсыздандыру-вакцинация-шығару).

Осы аталған бағдарламалар бойынша жануарлар ауланғаннан кейін зарарсыздандырылып, вакцинацияланып және бірдейлендіріп бұрынғы мекендеген орындарына жіберіледі.Бұрын АЗВШ (аулау-зарарсыздандыру-вакцинация-шығару) жүйесі енгізілгенге дейін қаңғыбас жануарларды атылатын, бұл өз кезегінде қаңғыбас жануарлардың санын азайтып, олардың отарға жиналуын болдырмайтын.

Қазіргі таңда қаңғыбас ит, мысықтардың көбеюінің бір салдары өз еншігіндегі жануарларға жауапкершіліксіз қарайтын тұлғалар кесірінен туындауда.  Бұған жануарларды  бос жіберу, бірдейлендірмеу және өз мекенінен басқа мекенге апарып тастау және т.б себеп болуда.

Жетісу облысының ветеринария басқармасының хабарлауынша  ағымдағы жылы жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу порталына 19.01.2024 жылы баға беру арқылы беріліп , 31.01.2024 жылы уақыт аралағында Өнім берушілері анықталғанан кейін осы жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша жұмыстар атқарылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз