Архившілер БАҚ өкілдерімен кездесті
Жетісу облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, «Вестник Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары Александр Склабовский, «Талдықорған» газетінің жауапты хатшысы Данагүл Мәкен қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - Жетісу өңіріндегі облыстың және мемлекеттік архивтің құрылуының 80 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік сақтаудағы құнды құжаттарды және сирек кездесетін фотоларды көпшілікке жариялау, архивтің маңызы мен қоғамдағы ерекше рөлін...
Балалар әдебиетінің классигі
В.Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларымен жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің классигі» атты дөңгелек үстел өтті.
"Мақсаты-оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту",-дейді ұйымдастырушылар.
Назар сал! Жетісу облысында жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өткізіледі
Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарын жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуға қатысуға шақырамыз!
Ағымдағы жылдың 23 ақпанда сағат 12:30-да Жетісу облысында жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өткізіледі!
Осыған орай, облыс бойынша «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дыбыстық электрдабылдары іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан қауіпсіз жерге эвакуацияланыңыз.
Электр желілерден, ағаштар мен ғимараттардан алшақ орналасқан ашық алаң –...
Жетісулық депутаттар жарыс жолында
ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арасында спартакиада ұйымдастырылып, Жетісу облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өзара бақ сынасты.
2 қала мен 8 ауданнан келген қатысушылар шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және бильярд сынды төрт спорт түрінен өзара сайысқа түсті.
Жарыстың негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі депутаттар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып, бұқаралық спортты насихаттау.
Депутат – бұқара...
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларының алдында сөйлеген...
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады. Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты...
Қаныш Сәтбаев — қазақ ғылымының атасы
Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп- лицейдің кітапханасында көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ ғылымының атасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты Еркін Тоқпанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Қуанышбаев, орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Ләззат Дайрабаева, № 1 орта мектеп...
Жетісудың ауылдық мектеп өрендері «Үздік команда-2024» атағын иеленді
Жетісу облысының дарынды оқушылары көптеген білім додасында жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бірі - Астана қаласында өткен тұңғыш ауыл мектептерінің 9-11 сыныптарына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиада. Осы ауыл мектептеріне арналған пән олимпиадасының жаратылыстану-математикалық бағытының қорытынды кезеңіне барлығы 1 088 оқушы қатысқан болатын. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиадада еліміздің түкпір - түкпірінен келген...
Жетісу облысында «Zhasproject» жобасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталды
Жоба жас ұрпақты қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға жағдай жасауға бағытталған. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қарастырылуда. Шағын грантқа қатысты ақпарттық-түсіндіру науқанын өткізу туралы «Jetisý jastary» КММ директорының орынбасары Еркебұлан Ақболатов пен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанат Төлемісова БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.
Грант алу конкурсына қатысуға өтінімдер 1-31 наурыз аралығында қабылданады. Ең жоғары сома...
Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды
Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді «Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызмет болып табылады. Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтарда дайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілеп көріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру және белгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
Мемлекеттік корпорацияда атап...





























