Жетісу облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, «Вестник Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары Александр Склабовский, «Талдықорған» газетінің жауапты хатшысы Данагүл Мәкен қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — Жетісу өңіріндегі облыстың және мемлекеттік архивтің құрылуының 80 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік сақтаудағы құнды құжаттарды және сирек кездесетін фотоларды көпшілікке жариялау, архивтің маңызы мен қоғамдағы ерекше рөлін айшықтай түсу.
Айтар болсақ, мұрағат деректері бойынша Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған сол кездегі Талды- Курган облысының орталығы саналады. Халық саны 20 мыңды құраған көрінеді. Алдағы уақытта, тарихы терең өңіріміздің тыныс-тіршілігінен мағлұматтар беріліп тұрады.
Басқосуға келген журналистер тың бастамаға алғыстарын айтып, архив мекемесімен үздіксіз жұмыстарын жалғастыратындарын жеткізді.