Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарын жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуға қатысуға шақырамыз!
Ағымдағы жылдың 23 ақпанда сағат 12:30-да Жетісу облысында жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өткізіледі!
Осыған орай, облыс бойынша «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дыбыстық электрдабылдары іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан қауіпсіз жерге эвакуацияланыңыз.
Электр желілерден, ағаштар мен ғимараттардан алшақ орналасқан ашық алаң – қауіпсіз орын болып табылады.
Сонымен қоса, сейсмикалық жаттығу алдында дабыл чемоданын әзірлеп, қауіпсіз жерге бару жолдарын алдын-ала анықтау қажет.
Төтенше жағдайларға дайын болу — адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.