Қаныш Сәтбаев — қазақ ғылымының атасы

696

 Талдықорған қаласындағы  Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп- лицейдің  кітапханасында көрнекті ғалым, қоғам қайраткері  Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ ғылымының атасы» атты  дөңгелек үстел өтті.

 Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты Еркін Тоқпанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан  Қуанышбаев, орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Ләззат Дайрабаева, № 1 орта мектеп — гимназиясының кітапхана меңгерушісі  Ардақ Баймұханова, БАҚ өкілдері, пән мұғалімдері  мен  8  сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында №18 орта мектеп- лицейінің кітапханашысы Мария Данабатшақызы  «Ғылым көкжиегіндегі дара тұлға» атты кітап көрмесімен таныстырса , мектеп оқушылары  Қазақстан геология мектебінің негізін салушы, сондай-ақ ,100 – ге  жуық ғылыми еңбектердің авторы Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат берді.  Сондай-ақ,  Аяжан  Қалиасқар «Ұлағатты тұлға», Аяна Одгонбай   «Өмір жолы», Ажар Нәбиәлі  «Кен іздеген Сәтбаев», Арайлым  Күмісбек  «Ел игілігіне қызмет еткен Сәтбаев», Лейла Медетбекқызы  «Қаныш қазына» (деректі фильм), Әдемі Маралбек «Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер», Айғаным Құралхан «Қаныш Сәтбаевтың жастарға өсиеті» деген тақырыптарда   зерттеу  жұмыстарын таныстырды.

Еркін  Тоқпанов ,Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты«Бүгін Бақтыбай   атамыздың атындағы мектеп-лицейдің кітапханасында қазақтың ғұлама ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ ғылымының атасы – Қаныш  Сәтбаев» тақырыбындағы шара  өте сәтті ұйымдастырылды.   Оқу-тәрбиелік маңызы зор іс-шарада білім алушылар  Қазақ ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған геолог ғалымның халқына сіңірген еңбегі, егеменді еліміздің ғылымының, экономикасының, білім беру саласының дамуына қосқан еңбектері, дүниежүзінің геологтары басшылыққа алатын ашқан ғылыми жаңалықтары  мен теориялық тұжырымдамалары туралы жан-жақты айтылды. Тарихта атыңды қалдырғың келсе, халқыңа пайдасы бар жұмыстар жасап, сол үшін аянбай тер төгу қажет.Сәтбаев атамыз да,сол еңбегімен жұмысқа  адалдығы арқылы әлі күнге дейін есімі өшпей тарих беттеріне қашалып жазылды. Ғалымның өмірі мен қызметіне қатысты кітап көрмелері мен деректі фильмдермен танысқан білім алушылар ой көкжиегін кеңейтті  ойлаймын». 

 Айдана Рымова,  география пәні мұғалімі : «Қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Сәтбаев алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, еліміздегі алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған».

Шара барысында  «Қаныш Сәтбаев кім?»атты бейнефильм көрсетілді. Белгілі қоғам қайраткері І.Омаровтың сөзімен айтсақ, «Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүниежүзіне белгілі болды».

 Қорыта айтқанда, кез келген табыста  үлкен еңбек, қажыр-қайрат, табандылық пен білім керек. «Еңбек-бәрін жеңбек» дегендей,  еңбектенсең ғана мақсатыңа жетесің.

 Қазақстанның білімін, ғылымын, өнерін, экономикасын  дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін айшықтатын танымдық мәні бар  мұндай шаралар  оқушылардың жеке тұлға және болашақта әртүрлі саланың білікті мамандары ретінде қалыптасуында ерекше орын алары да сөзсіз.

                                                                                   Мария Ботаева, кітапханашы

                                       

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз