Жетісулық оқушылар биология пәнінде жылыжай ісін дамытып келеді
Талдықорған қаласында оқушылар мектеп жылыжайында көкөністерді тұқымынан өніміне дейін өздері күтіп-баптап өсіруде. Жылыжай бір жағынан биология пәнінің зертханалық-тәжірибелік алаңы болса, екіншіден оқушыларды еңбекке баулудың тамаша әдісі болып отыр, әрі балалар өз қолымен өсірген өнімді өздері тұтына бастады.
Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 орта мектеп биылғы жылдың қаңтарынан өз жұмысын бастаған болатын. Жаңа мектеп салынған кезде оның ауласында жалпы алаңы...
Талдықорғанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді
30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,...
Мәдениет қызметкерлері марапатталды
Мәдениет – ұлттың қуаты. Ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы. Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Мәдениетті ел, өнері өркендеген қоғам әр уақытта алға дамиды. Төл өнеріміздің кеңінен қанат жайып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өнерпаздардың қосар үлесі зор екендігі ақиқат. Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, құрмет көрсетілді.
Сала қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Марлен...
Мақсат – ел игілігіне қызмет ету
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырып, қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізу керектігін баса айтқан болатын. Осылайша көктем келісімен барша отандасымыз экологиялық акцияға үлес қосып, туған жерді көркейтуге атсалысты. «Шын мәнінде елімізді көгалдандыру, абаттандыру үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған...
Жетісуда стихиялық қоқыс орындары тазартылуда
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды.
Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің көмегімен, аэро түсірілім арқылы анықталған болатын. Қазіргі таңда сол орындарды тазарту жұмыстарымен айналысуда. Жалпы, стихиялық қоқыс орындарын тазалау жұмыстары мердігер мекемелердің күшімен жыл бойы атқарылмақ.
Талдықорған қаласы бойынша аталған жұмыстарды «Жаксымбет» ЖШС жүзеге асырады. Жыл басынан бері облыс орталығында 12 орын...
ЖЕТІСУДА БАЛАЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Игі үрдіске айналған тазалық шараларын өңір жастары жұмылып атқаруда. Бүгін Талдықорған қаласының 100-ге жуық еріктілері, студенттер мен «Жетісу жастары» орталығының қызметкерлері қала көшелерін тұрмыстық қоқыс пен бос бөтелкелерден тазартты. Тазалық акциясы барысында жиналған қоқыстар қайта өңдеу орталықтарына жіберілетін болады. Жастардың жоспарына сәйкес, қайта өңдеуден түскен қаражат 1 маусым – Балалар...
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезінде сіз не білуіңіз керек!
Электр энергиясы адамның өмірі мен қызметінде үлкен пайда мен ыңғайлылықты береді. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Бизнес-құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу өзекті. Электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісім-шарт қалай рәсімдеуге болады? Осы және басқа да сұрақтарға «ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы...
Алматыда ақбөкен мүйізін саудаламақ болғандар ұсталды
Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы полицейлері мен ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жетісу облысы бойынша қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды. Арнайы операция кезінде Hyundai автокөлігі тоқтатылған, оның ішін тінту барысында 1212 дана 8 қап мүйіз табылып тәркілінген. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша сотқа дейінгі...
Сарбаздарға қару табысталды
ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінде бірнеше күн бұрын Ант қабылдаған жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсыру рәсімі өтті. Әскери теxника мен қаруды тапсыру рәсімі - әскердегі сарбаз үшін маңызды оқиғаларының бірі.
Аталған шекара басқарманың әскери қызметшілері саптық алаңға тұрғызылды.Басшылық құрам мінберге шыққанан кейін ортаға Қазақстан Республикасының Туы...
Азық-түлікпен көмек көрсетті
«Қайрымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбаныш болып сүрінгенді сүйеу, мұқтаж жандардың талған өзегіне демеу беру - халқымыздың бойына сіңген қасиет. Себебі қоғам бар жерде өкінішке орай, тағдыр талқысына түскен жанұялар да кездеметіні сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарастыЖедел-техникалық бөлімінің бастығы полковник Ермек Ұлтанбековтің мұрындық болуымен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қайырмдылық жасау...





























