Талдықорғанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

128

30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

Талдықорған қаласында акция 30 мамыр күні сағат 16.00-де «Бірлік» шағын ауданы, 2А мекенжайы бойынша Көрме кешенінің ғимаратында өтеді.

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.

Ақпарат Жетісу облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімі ұсынылған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз