Алматыда ақбөкен мүйізін саудаламақ болғандар ұсталды

172

Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы полицейлері мен ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жетісу облысы бойынша қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды. Арнайы операция кезінде Hyundai автокөлігі тоқтатылған, оның ішін тінту барысында 1212 дана 8 қап мүйіз табылып тәркілінген. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз