10.1 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 14 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 473

Тағамды шын жүректен дайындаймын

Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін –білгір аспаз. Өнердің түрі көп. Соның ішінде аспаздық өз алдына бір сала. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Текелі» оқу жаттығу үйрету кавалериялық тобының аспазы Фатима Сарымсақованың негізгі мамандығы- балабақша тәрбиешісі. Оқу орнын тәмамдап, жаңадан еңбек жолын бастаған тұста тоқсаныншы жылдардың қайта құру...

Қуанса, бала қуансын!

1 – Маусым Халықаралық балалар күніне орай, «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, қоқыстарды өндіретін орталықтарға макулатуралар өткізілді. Жиналған қаражат Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 45 бүлдіршінге көңіл-күй сыйлауға жұмсалды. Бұл бастама «Kids park» орталығымен бірлесе балаларға ұмытылмас қуаныш, күлкі мен жылы күн сыйлады. Ойындар, тәтті балмұздақтар балалардың жүрегінде көптеген жағымды эмоциялар қалдырып, нағыз мерекенің...

Талдықорғанда мектеп оқушы қыздар арасында волейболдан ашық біріншілігі өтті

Талдықорған қаласының спорт бөлімінің және №15 орта мектебінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай, оқушы қыздар арасында волейболдан Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Тартысқа толы жарысқа Ақсу, Көксу аудандарынан және қаламыздың 6 мектебінің оқушылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша, І - орын Ақсу ауданының оқушы қыздары иеленсе, ал ІІ - орын №15 орта мектебінің оқушыларына, ІІІ - орын Көксу...

Жетісуда демеушілер өз қаражатына жаңа спорттық нысандар салуда

Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған жаттығу базасы салынып бітуге таяу. Оның жанынан демеушілік қаражат есебінен клуб спортшыларына арналған тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар демеушілер қалада халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келетін тағы бір спорт нысаны – үстел теннисі орталығын салып жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып шықты. Алдымен Бейбіт Исабаев жаттығу базасына барды, онда жақын күндерде...

Отбасы, әйел мен бала құқығын қорғау бойынша психологиялық көмек байланыс орталығы құрылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «AMANAT» партиясымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) бірлесіп, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығын ұйымдастырды. «111» байланыс...

Мәдениет майталмандарына құрмет

«Жастар» саябағында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Өтенай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл  «Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің тұтқасы. Дана халқымыз «Өнер – ұлттың жаны», - дейді. Сол себепті, өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып,...

Ақжол Құрманбек күміс жүлде иегері

Ағымдағы жылдың 22-26 мамыр күндері аралығында Перу мемлекеті Лима қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтуде. Дүбірлі додаға 300-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың үшінші күнінде жетісулық Ақжол Құрманбек серпе көтеруден 129 келі, жұлқи көтеруден 156 келіні бағындырып күміс жүлдені қанжығаға байлады. Жеңіс құтты болсын, Жетісу!

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақтылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Бұл туралы ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Букенов  баспасөз мәслихатында айтып берді. Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер...

Тай боксының тарланы шекарада

Шекара шебінде өнердің түр-түрін еркін меңгерген жандармен қатар спортты да өмірлік серігіне айналдырған оғландар жүр. Олар жауынгерлік қызметте де жетістіктерімен көзге түсіп, әскери ұжымының мерейін арттыруда. Бүгінгі кейіпкеріміз шекарашы сарбаз. ОлҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Даниил Первых. 21 жастағы Даниил Павловичтің спорттағы жетістігі ауыз...

Тестілеуден өттің бе?..

Қазтест – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Бірнеше жылдан бері елімізде азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде қолданылып келеді.          Тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым, айтылым кезеңдерінен тұратын Қазтест жүйесі қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің тіл білу деңгейін анықтауда үлесі бөлек. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаметіне қарасты Панфилов ауданында орналасқан шекара басқармаларының жеке құрамы Жетісу...