Ағымдағы жылдың 22-26 мамыр күндері аралығында Перу мемлекеті Лима қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтуде.
Дүбірлі додаға 300-ге жуық спортшы қатысуда.
Жарыстың үшінші күнінде жетісулық Ақжол Құрманбек серпе көтеруден 129 келі, жұлқи көтеруден 156 келіні бағындырып күміс жүлдені қанжығаға байлады.
Жеңіс құтты болсын, Жетісу!