Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Ресейдің «шанхай рухын» нығайту ісіне және Ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
– Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету – өте мәртебелі әрі жауапты миссия. Ертең біздің төрағалығымыз аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндаймын....
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Қазақстанның төраға ретіндегі рөлі қандай
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы 2023 жылғы шілдеде басталды және осы саммитте аяқталады.
ШЫҰ-ға төрағалық ету лауазымын қабылдау кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұйымдағы басымдықтарын ұсынды. Ол Қазақстан өзінің төрағалығы барысында «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама көтеретінін, бұл құжатта сенім шараларын нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау қағидаттарының негізі қаланатынын атап өтті. Ал басты міндет – Шығыс...
ШЫҰ саммитінде қандай мәселелер қаралады
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Астана саммитінде қандай мәселелер мен құжаттар қаралатынын айтып берді.
Бас хатшының айтуынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары «Астана декларациясын» қабылдаумен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы саммитте ұсынған «Әділ бейбітшілік пен келісім жолындағы әлемдік бірлік туралы» бастамасы және өзбек жобасы – «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ тату көршілік,...
Шанхай ондығы: Астана саммитінің ерекшелігі неде
Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталады. Биыл Қазақстан ұйымға төраға болғандықтан, біздің елдің жауапкершілігі жоғары. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, биыл ШЫҰ аясында Экология жылы деп жарияланды. Алдағы саммитте не күтілуде, оған қандай көшбасшылар келеді, бұл іс-шарада Қазақстанның төраға ретіндегі рөлі қандай?
Жер жаһанның жартысын қамтитын ұйым
Шанхай ынтымақтастық ұйымы...
ШЫҰ халықаралық аренадағы маңызды ойыншыға айналды – БҰҰ Бас хатшысы
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді. Елордада өтетін ШЫҰ саммитіне орай Kazinform агенттігі тілшісінің бірқатар сұрағына жауап та берді.
- Өткен жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясы «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық» деп аталатын қарар қабылдаған еді. Дәл осы істе 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан қандай рөл атқарғанын айтып берсеңіз?
- Қазақстан бастамалары мен...
Тоқаев: Қазақстан нарыққа кіруге ниетті қытай компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын
Қазақстан өз нарығына кіруге ниетті қытай компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазақстан мен Қытайдың мызғымас саяси қатынастары өзара сенім мен қолдау рухында дамып келе жатыр. Екі ел арасында шешімін таппаған ешқандай түйткіл жоқ. Сондықтан күш біріктіре отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және...
Тікелей эфирде — Еркін ауылының әкімі тұрғындар сұрағына жауап берді
Бүгін Еркін ауылдық округінің әкімі Қанат Рыспеков тікелей эфирде жергілікті әкмдіктің тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтері турасында ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ең алдымен «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері турасында хабардар етті.
Айтар болсақ, «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының негізінде, Қазақстан...
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.
Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге...
Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған
Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қаласының мансап орталығы» филиал директоры Азамат Балтабеков таныстырды.
Ағымдағы жылға «Қоғамдық жұмыс орындарына» қала бойынша 900 адамды қабылдау жоспарланған екен. Жыл басынан сала мамандарының ұйытқы болуымен ауқымды 3 бос жұмыс...
Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы мәлімдеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға салған әкімшілік айыппұлдарының жалпы сомасы 11 миллион 100 мың теңгеден асады. Барлық сомалар облыстың мемлекеттік...




























