Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Қазақстанның төраға ретіндегі рөлі қандай

96

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы 2023 жылғы шілдеде басталды және осы саммитте аяқталады.

ШЫҰ-ға төрағалық ету лауазымын қабылдау кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұйымдағы басымдықтарын ұсынды. Ол Қазақстан өзінің төрағалығы барысында «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама көтеретінін, бұл құжатта сенім шараларын нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау қағидаттарының негізі қаланатынын атап өтті. Ал басты міндет – Шығыс пен Батыс арасындағы геосаяси қайшылыққа жол бермеу.

Қазақстан стратегиялық зерттеу институның сарапшылары Астана төраға ретінде тәжірибеге бағдарланған тәсілді қолданғанын атап өтті. Негізінен жұмыс өзара тиімді сауда-экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Қазақстанның 2024 жылды ШЫҰ Экология жылы деп жариялау туралы бастамасын ұйымға мүше мемлекеттер бірауыздан қолдады. 2023 жылдың қазанында ШЫҰ Үкімет басшыларының кеңесі тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Жақында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін жоғары бағалады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылдың шілдесінен бастап ШЫҰ төрағалығы Қазақстанға көшкен кезден бері 100-ден астам түрлі іс-шара мен кездесу, соның ішінде энергетикалық, цифрлық және туристік форумдар өткізілді. Ынтымақтастықтың түрлі саласында 30-дан астам құжат әзірленді.

«Ыстық экономика, суық саясат» қағидатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан ШЫҰ инвестициялық қорын және экономикалық преференциялар базасын құру жөнінде ірі бастамалар көтерді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз