Тікелей эфирде — Еркін ауылының әкімі тұрғындар сұрағына жауап берді

120

Бүгін  Еркін ауылдық округінің әкімі  Қанат Рыспеков тікелей эфирде   жергілікті әкмдіктің тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтері турасында ақпарат беріп,  қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ең алдымен  «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері турасында хабардар етті.

Айтар болсақ, «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2013 жылғы  15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының негізінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі м.а. 2023 жылғы 19 маусымдағы №236 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 4 түрінен мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

2) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

4) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу».

Қысқаша атап өтсек, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері түгелдей электронды түрде, яғни,  «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш беріледі.  Бұл екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңі — 28 жұмыс күн, сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, 2 кезең — 18 жұмыс күн, округ әкімінің тарапынан жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару. Бұл  бойынша 2023 жылы 2 қызмет көрсетілді, 2024 жылы 4 өтініш түсті.

 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызмет түріне өтінішті «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектегі тұрғындардың өтініштері ашық бірыңғай тізілімге енгізілді. 2022 жылдың 1 наурызынан бастап өтініштер электронды түрде беріледі.

  Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Қазіргі кезде Еркін ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін нысаналы мақсатында дайын алаңдар жоқ. Қазіргі кезде округ бойынша кезекте 7435 адам тұр.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беріледі. Мерзімі 13 жұмыс күні. 2023 жылы 87 қызмет көрсетілді, оның ішінде: 47 өтініш қанағаттандырылып, 40 өтінішке дәлелді бас тартылды. 2024 жылдың 1 жартыжылдығына 16 қызмет көрсетілді, оның ішінде 10 өтініш қанағаттандырылды, 6 өтінішке дәлелді бас тартылды.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі  электрондық/ қағаз түрінде көрсетіледі. 2023 жылы 141 қызмет көрсетілді, оның ішінде, 93 өтініш қанағаттандырылды, 48 өтінішке дәлелді бас тартылды. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 32 қызмет көрсетілді, оның ішінде, 16 өтініш қанағаттандырылып, 16 өтінішке дәлелді бас тартылды.

Еркін ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында аталған қызмет түрлері бойынша арнайы ақпараттық стенд бар, округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу үшін және тұрғындардың цифрлы сауаттылығын арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары электронды түрде өтініштерін беріп, қажетті құжаттарын ала алады.

Тікелей байланыста Қанат Рыспековке бірнеше сауал қойылды.

 

— Жер кезегіне тұрудың қандай шарттары бар?

Жауап: — Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабында көрсетілген норма бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін  тегін 10 сотық  жер учаскесі тиесілі. Өтініш «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы беріледі. 20 минут ішінде өтініш арнайы есепке қойылғаны туралы немесе бас тарту туралы жауап беріледі. Аталған нысаналы мақсат бойынша жер учаскелері кезек бойынша беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз