7.2 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 13 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 448

Жетісу облысында астық жинау науқаны басталды

Жетісу облысында егін ору жұмыстары 8 шілдеден басталып, жалғасуда. Бүгінгі күнге 25,4 мың гектар дәнді дақылдар орылып, 63,7 мың тонна астық бастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы облыста 956 мың тонна дәнді дақылдар жинау жоспарланып отыр. Өнімді тазалауға арналған машиналармен қамтылған 92 қырман және өнімді сақтауға сыйымдылығы 713,5 мың тоннаға арналған...

Жетісуда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жол жиектері тазаланды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысында республикалық жолдардың бойында тазалық шаралары жүргізілді. Мәселен, өткен аптада Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласы аралығындағы ұзындығы 69,5 шақырым болатын «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолының бойында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 150 адам, 21 бірлік техника жұмылдырылды. 84 тонна қоқыс шығарылып, 5 шақырым қоршау сырланды, 4,5 шақырым арық желілері тазаланып, қураған...

Баланың денсаулық паспорты электрондық форматқа ауысады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды. Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжатты...

Оңтүстік Кореялық дәрігерлер жетісулықтар үшін тегін қабылдау өткізеді

Осы жылдың 21-26 шілде күндері «Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана" ШЖҚ МКК базасында (Талдықорған қ., Райымбек батыр көшесі, 35) Оңтүстік Кореяның HYUNDAE General Hospital госпиталінің кәсіби білікті, волонтер дәрігерлерінің қатысуымен қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шара барысында хирургия, нейрохирургия, травматология, ортопедия, неврология, кардиология салалары бойынша қабылдау жүргізіліп, консультация беріледі, операциялар жасалады. Қабылдау сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша.

Биыл Жетісуда 13 мың бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде

Жетісу облысында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала барады деп күтілуде. Бүгінге дейін 11 200-ге жуық баланың ата-анасынан өтініш түскен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталған. «Биыл Жетісу өңірінде 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың  бала келеді деп жоспарлап отырмыз. 1 сәуірден...

Талдықорған бағының алмалары жиналуда

Облыс орталығы Талды қаламызда алма еккен бағбаншылар үшін қолайлы жыл болуда. Оған дәлелі, 5 гектар алма бақтан шаруалар мол өнім алуда.  "Әр гектардан 20 тонна өнім алып, 100 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отырмыз,- дейді «Жерұйық-Өрлек» ЖШС басшысы  Ақшабай Дүйсенбекұлы. Бүгінде  жеміс бақта алманың 9 түрі өседі. Атап айтқанда, пеструшка, старкримсон, салтанат, лимонка, кандиль-синап, белый налив алмалары бар. Алма бақта 10-нан...

Талдықорғандықтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Профилактикалық жұмыстың барысында тұрғындарға қабаты екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық газ баллондарда қолдануға және сақтауға тыйым салынғандығы туралы хабарламалар берілді. Іс-шараның басты мақсаты - тұрмыстық газ баллондарды заңсыз және қауіпсіздік ережелерін сақтамай пайдалануға байланысты туындайтын техногендік сипаттағы...

Талдықорғанда қоқыс алаңдары залалсыздандырылуда

Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы қоқыс алаңдары жуылып, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қоқыс жәшіктері арнайы қоспа қосылған сумен жуылып, аумағына зиянкестерден қорғауға арналған дәрі себіліп, қоқыс алаңдары ретке келтірілді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласына жыл соңына дейін 500-ден аса жаңа қоқыс контейнерлерін алу жоспарлануда. Айта кету керек, зарарсыздандыру жұмыстары айына бір рет жүгізілетін болса, ал жаз айларында екі рет жүргізілмек.

Жетісу облысында 13 мың бала бірінші сыныптың табалдырығын аттамақ

Жетісу облысында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала барады деп күтілуде. Бүгінге дейін 11 200-ге жуық баланың ата-анасынан өтініш түскен, - деп хабарлайды taldykorgan-online.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталған. «Биыл Жетісу өңірінде 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың  бала келеді деп жоспарлап...

«Гүл патшайымы» атанған Нұртай апа

«Таза қала өзіңнен басталады» дегендей,  қала бәрімізге ортақ болғандықтан, қала тазалығы бәріміз үшін маңызды. Сондықтан тазалық мәселесінде алдымен әрбір тұрғын өзі тұрған жердің тазалығына мән берсе, тазалық сақталады. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы - қаланың тазалығы, қаланың тазалығы- сананың тазалығы.  Облыс орталығы Талдықорған қаласы әсем де сәнді. Көрікті қаланың ажарына, тазалығына өз тұрғындары жауапты. Үстіміздегі  жылдың 10 шілдесінде ...