Талдықорғандықтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

205
Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Профилактикалық жұмыстың барысында тұрғындарға қабаты екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық газ баллондарда қолдануға және сақтауға тыйым салынғандығы туралы хабарламалар берілді.
Іс-шараның басты мақсаты — тұрмыстық газ баллондарды заңсыз және қауіпсіздік ережелерін сақтамай пайдалануға байланысты туындайтын техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар — газ ауа қоспасының жарылыстарын болдырмау және алдын алу болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз