Жетісу облысында егін ору жұмыстары 8 шілдеден басталып, жалғасуда. Бүгінгі күнге 25,4 мың гектар дәнді дақылдар орылып, 63,7 мың тонна астық бастырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы облыста 956 мың тонна дәнді дақылдар жинау жоспарланып отыр.
Өнімді тазалауға арналған машиналармен қамтылған 92 қырман және өнімді сақтауға сыйымдылығы 713,5 мың тоннаға арналған 487 қойма бар. Сонымен қатар, астықты жинауға 1139 дана комбайн қатысуда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев.