Осы жылдың 21-26 шілде күндері «Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана» ШЖҚ МКК базасында (Талдықорған қ., Райымбек батыр көшесі, 35) Оңтүстік Кореяның HYUNDAE General Hospital госпиталінің кәсіби білікті, волонтер дәрігерлерінің қатысуымен қайырымдылық акциясы өтеді.
Іс-шара барысында хирургия, нейрохирургия, травматология, ортопедия, неврология, кардиология салалары бойынша қабылдау жүргізіліп, консультация беріледі, операциялар жасалады.
Қабылдау сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша.