Сарбаздар Мұхаметжан Тынышбаевтың тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады
Талдықорғандағы 54380 әскери бөлімінің сарбаздары Мұхамеджан Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Айтар болсақ, биыл алғашқы теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың мерейлі жылы.
Түрлі жәдігерлермен толыққан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сарбаздар арнайы келіп, олар мұражай экспозициясымен танысты. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1974 жылы 1 наурызда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен құрылған. Ал, 1993 жылы мұражайға белгілі қоғам және мемлекет...
Десанттық-шабуылдаушы әскерлердің офицерлік үшсайысы өтті
10-14 маусым аралығында Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінде Десанттық-шабуылдаушы әскерлердің офицерлік үшсайысы өтті.
Алматы, Қонаев және Талдықорғандағы десантшылардың басын қосқан жарыста ПМ-3 табельдік қаруынан ату, суға жүзу, қашықтыққа жүгіру бойынша мықтылар анықталды.
ПМ-3 табельдік қаруынан ату 18404 әскери бөлімінің қарудан ату алаңында өтсе, суға жүзу олимпиадалық типтегі орталық жабық бассейнде, ал қашықтыққа жүгіру Жетісу орталық стадионында өтті.
- Офицерлік...
Халықаралық білім алмасу: Жетісу университетіне шетелдік ғалымдар келді
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Жапонияның, Швецияның және Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары келді. Шетелдік ғалымдар бір ай бойы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану», «Қаржы және есеп» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер, әрі практикалық сабақтар өткізеді.
Философия докторы, Лунд университетінің (Швеция) қауымдастырылған профессоры Rustamjon Urinboyev екі жылдан бері Жетісу университетімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Ол «MOCCA: Multilevel...
Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – «АНА ҮЙІ» ҚҚ бағыттарының бірі
Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – "АНА ҮЙІ" ҚҚ бағыттарының бірі. Агенттіктің мақсаты - Қазақстандық қоғамда қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау, сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту.
Қазақстанның 20 қаласында кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді.
Қор мамандары өз отбасыларына балалар үйлері мен жетімдер үйлерінен балаларды қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) консультациялық көмек көрсетеді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде (бұдан әрі – ҚАМ)...
Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады
Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады», - делінген құжатта.
Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және...
Мемлекеттік корпорация ұсынған жаңа қызмет көлікті қайта тіркеу процесін жеңілдетеді
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.
Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін...
«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген
Жанұя әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету, отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмысқа бейімдеу және қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының Президенті Жанар Нұрмұханова мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметкері Мадина Белгібаева...
Бала тууы мен оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды ресімдеу сұранысқа ие
Жетісу облысында 2024 жылдың бес айында бала туу мен оның күтіміне байланысты жәрдемақы 24 мыңнан астам рет берілді.
Жетісу өңірінде әлеуметтік саладағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала тууы мен оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды ресімдеу. 2024 жылы 5 айда 24 380 өтініш қаралып, 2 млрд жуық теңге төленді.
Естеріңізге сала кетейік, 1414 нөмірінен бірнеше SMS-хабарламаға жауап беру арқылы жәрдемақы алуға...
Талдықорған қаласының әкімі жас түлектерге ақ жол тіледі
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл биылғы мектеп бітіруші жас түлектерді құттықтады. Мектеп қабырғасындағы білімдерін әрі қарай шыңдап, ЖОО түсуіне, ҰБТ сынағына сәтті тапсыруларына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда 1332 жас түлек "Соңғы қоңырау" шарасына қатысып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» білім ордасымен қоштасты. Жас түлектердің 46-сы «Алтын белгіге», 95-і ерекше аттестатпен білімдерін тәмамдады.
Биыл Талдықорғанда 77 мыңнан астам гүл егіледі
Бүгінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласында гүл егу жұмыстары қарқын алуда. Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбековтың айтуынша биыл қала аумағында гүл егу жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда ерте басталған. Қазіргі таңда саябақтар мен скверлерде егу жұмыстары басталды. Өткен жылы 40 мың дана гүл егілсе, биыл 77 мыңнан астам гүл егу жоспарда.
Сонымен қатар қала аумағын...





























