Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады

100

Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады», — делінген құжатта.

Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз