Бүгінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласында гүл егу жұмыстары қарқын алуда. Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбековтың айтуынша биыл қала аумағында гүл егу жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда ерте басталған. Қазіргі таңда саябақтар мен скверлерде егу жұмыстары басталды. Өткен жылы 40 мың дана гүл егілсе, биыл 77 мыңнан астам гүл егу жоспарда.
Сонымен қатар қала аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда