Сарапшылар төл теңгемізге ресейлік рубльдің бағамы қалай әсер еткенін айтып берді. Сонымен қатар олар теңгенің қашан нығаятынына болжам жасап, қазіргі жағдайға баға берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Мамандардың айтуынша, жақында ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы құны нығая түседі. Яғни, бір айдан соң валюта бағамы 345 теңгеге келіп тұрақтатынын айтуда.

Осы орайда Қазақстанның Ұлттық банкі валюта нарығына әсер етуге құлықты емес екенін жеткізген.

Сонымен бірге, мамандар Американың Ресейге қарсы салған санкциялары қазақстандық валютаға қалай әсер еткенін айтты. Себебі, бұл жайттан соң Ресейде бір доллар 69 рубльден сатыла бастаған.

Алайда, экономистердің алаңдаушылығына қарамастан, теңге қайта нығая түскен. 23 тамыздағы сатылымдарға көз жүгіртсек, екі сессияның қорытындысы бойынша доллар бағамы 361,63 теңгеге тұрақтаған.

Еске салсақ, Ресейге қарсы салынатын санкциялар енді 3 айдан соң орын алмақ. Ұлттық банк республика халқын сабырға шақырып, ұлттық валютаның рубль бағамына еш қатысы жоқ екенін айтты.

Экономистер болса, биыл күзде қазақстандық валюта нығая түсетінін айтуда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK