Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл биылғы мектеп бітіруші жас түлектерді құттықтады. Мектеп қабырғасындағы білімдерін әрі қарай шыңдап, ЖОО түсуіне, ҰБТ сынағына сәтті тапсыруларына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда 1332 жас түлек «Соңғы қоңырау» шарасына қатысып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» білім ордасымен қоштасты. Жас түлектердің 46-сы «Алтын белгіге», 95-і ерекше аттестатпен білімдерін тәмамдады.