Жыл басынан бері Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта 3 мыңға жуық пациент ем қабылдап, ота жасатты
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласындағы Облыстық кардиологиялық орталық – біздің өңірдің ғана емес, Қазақстанның да алдыңғы қатарлы медициналық мекемелерінің бірі. Жыл басынан бері орталықта 3 мыңға жуық пациент білікті ем қабылдап, ота жасатқан. Мұнда жоғары технологиялы құрылғылардың көмегімен жүрек пен қан тамырларына күрделі операциялар жасалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары әлемде таралуы бойынша...
Мектепке жол» акциясы: Жетісуда 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
Еліміз бойынша 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.
Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтың айтуынша, көмекке мұқтаж 138 баланың тізімі бекітіліп, көмек көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысын іске асыру шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан...
Адалдық алаңы: заңсыздықтарға жол берілмейді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу обысы бойынша департамент басшысы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесті. Саян Қылышұлы «2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру туралы» қысқаша баяндады.
«Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына 9 сала енгізілген. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл аталмыш картаның 9 саласының 8-і қамтылды. Бұл тәуекелдер картасы өңір...
Талдықорғандағы бильярд залында ардагерлер бақ сынасты
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар» спорт сарайында ардагерлер арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Айтар болсақ, облыс орталығы Талдықорған қаласында тұратын ардагерлер Арбатта жиі бас қосып дойбы, шахмат ойнап, жиі бас қосатындығы баршаға белгілі.
Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбековтің айтуынша, ардагерлер кеңесі түрлі бағыттағы шараларды жиі ұйымдастырады. Бүгін игі дәстүр жалғасын тауып, бильярдтан турнир өтті. Сайыстың ерекшелігі – қатысушылар бұл...
Жетісу облысында су тасқынын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаратал өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізілуде
Жетісу облысында су тасқынын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаратал өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін Талдықорған қаласының ірі кәсіпорындары өзен арнасына механикаландырылған тазарту және түзету жұмыстарына көмек көрсетуде.
Мамандар өзен арнасының тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрған шамамен 2 шақырымын тазартуды жоспарлап отыр.
Қазір облыстық перинаталдық орталықтан Жансүгіров көшесіндегі көпірге және кірме...
Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі әкімдер жұмысын саралайды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. "Отбасының цифрлық картасын" одан...
Париж Олимпиадасы: қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті
Әлем көз тіккен Париж Олимпиадасында 27 шілде күні Елдос Сметов дзюдодан алтыннан алқа тағынып, Қазақ елін қуантты. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды.
Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалар арасындағы жарыста ел қоржынына қола жүлде салды. Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті.
Дереккөздердің хабарлауынша, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66...
Президент Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады.
Қ.Тоқаев жеңімпазды алтын медаль жеңуімен құттықтады.
“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Айта кетейік,...
Парижде жазғы Олимпиада ойындарының алауы бүгін тұтанады
Бүгін, 26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Байрақты бәсекеге 200-ден аса елден 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шығады. Бұл байрақты бәсекеде 79 қазақстандық спортшы сынға түседі. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады. Қазақстан осымен сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып...
Ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу, Сарқан ауданының елді мекендері қатысады
2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізетін болады.
Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу ауданының Сағабүйен және Есеболатов ауылдары мен Сарқан ауданының Сарқан қаласы қатысады.
Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын...





























