Ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу, Сарқан ауданының елді мекендері қатысады

413

2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізетін болады.

Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу ауданының Сағабүйен және Есеболатов ауылдары мен Сарқан ауданының Сарқан қаласы қатысады.

Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлеро қатыса алады. Санақ жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілер туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.

«Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы – 2025 жылғы негізгі ауыл шаруашылығы санағына дайындықтың маңызды кезеңі, ол таңдалған әдістеменің дұрыстығын және ақпараттық жүйелердің дайындығын тексеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова.

                                ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз