Әлем көз тіккен Париж Олимпиадасында 27 шілде күні Елдос Сметов дзюдодан алтыннан алқа тағынып, Қазақ елін қуантты. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды.
Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалар арасындағы жарыста ел қоржынына қола жүлде салды. Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті.
Дереккөздердің хабарлауынша, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалда сербиялық Страхиня Бунчичті тізе бүктіріп,қола меаль алды. Оны мамандар қазақ дзюдосы тарихындағы триумф деп бағалап отыр.
Бокстан әйелдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Джиордана Соррентинодан (Италия) 4:1 басым түсті.
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалында жапон Коки Канодан ұтылып қалды. Ал Эльмир Әлімжанов Федерико Висмараға (Италия) есе жіберсе, Вадим Шарлаимов екінші кезеңде сүрінді.
Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа 2:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде Кента Нисимотодан (Жапония) ұтылды.
Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жұбаныш кезеңіндегі 3-ші алтылықта жарысып, мәреге төртінші болып жетті.
Теннистен А.Шевченко 18 жасар чех теннисшісі Я.Меншиктен жеңілді.