Еліміз бойынша 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.
Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтың айтуынша, көмекке мұқтаж 138 баланың тізімі бекітіліп, көмек көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысын іске асыру шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 24 453 баланы (1 балаға 43 407 теңге бөлінді) киіммен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд.61 млн. теңге бөлінді. Қаражат 10 тамызға дейін ата-аналардың карта шотына толығымен аударылады», — деп толықтырды Марат Сүлейменов.