Президент Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

103

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады.

 Қ.Тоқаев жеңімпазды алтын медаль жеңуімен құттықтады.

“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп атап  көрсетті  Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 27 шілдеде Париж төрінде Елдос Сметов еліміздің Гимнін шырқатып, мемлекеттік Туды көкте желбіретіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз