«Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы»
Жоба
"Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы"
"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
Осы қаулының...
Кемшіліктер түзеліп, жоспарлар орындалуда
Бейбіт Исабаев,Жетісу облысының әкімі: «Президенттің әділетті,ашық қоғам,құқықтық мемлекет құру бастамаларын жергілікті жерлерде іске асыру арқылы халықтың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартуға,өңірдің экономикалық қуатын арттыруға жұмыла жұмыс істейміз».
Алпауыт өндіріс ошақтарының арқасында жоғары көрсеткіштерімен барлық облыстардан оза шапқан Алматы облысы екіге бөлініп, өз алдына отау тіккен Жетісу облысының экономикалық көрсеткіштері бірден 18-19 орындарға тұрақтағаны жасырын емес. 5 айды артқа тастаған өңірдің негізгі...
Той тойға ұлассын!
Тәуелсіздігіміздің арқасында Талдықорған қаласының өсіп-өркендеу қарқыны бәсеңдеген емес. Құрылысы жаңарған,жаңғырған шаһардың күн сайын өзгерген келбеті тұрғындар мен қала қонақтарын таңдай қақтыруда. Халық санымен қоса жаңа ықшам аудандар қатары бой көтеріп, баспаналы болғандар саны артып келеді.
8 маусым күні Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толу мерекесін атап өту барысында 36 отбасына пәтер кілттері табысталған болатын.Аптаның сейсенбісінде тұрғын үй кезегінде тұрған тағы...
Жетісуда медицина мамандары марапатталды
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтағы денсаулық саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің қолдауымен ауылды жерлердегі дәрігерлік көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында бірнеше ауданға жедел жәрдем көліктерінің кілті табыс етіліп, аймақтың үздік дәрігерлері марапатталды.
Жиналған қауым алдында сөз алған Бейбіт Өксікбайұлы: «Адамның денсаулығы мен өмірі – қоғамда ең басты...
Бизнес форум аясында ынтымақтастыққа қол қойылды
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бизнес-форум аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында кездесіп, өзара ынтымақтаса қарекет ету жайын таразылады. Келелі кездесуге ҚХР мен Қазақстан тарапынан Жетісу, Алматы облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Тараптардың бизнес әлеуетін көтеруге бағытталған жиынды Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасы мен ШЫХО бірлесіп ұйымдастырды.
«Жалпы, Жетісу өңірінде инвестиция құюға тың мүмкіндіктер қарастырылған. Облыста жаңа инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде....
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 154 кәсіпкердің құқығын қорғады
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдегі бизнесті дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерді шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, Жетісу облысының қаржы басқармасы кәсіпкерлермен орта білім беру мекемелерінде (мектеп асханаларын) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) туралы шарттар жасасу кезінде өзіне кәсіпкерлік Кодекстің 134-бабында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау өкілеттіктерін заңсыз жүктеп алды.
Кәсіпкерлік кодекстің 134-бабына сәйкес бақылау және қадағалау органының...
Абай облысында қызыл жалынмен күрес жалғасуда
Бүгінде ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бөлімшелері тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жағдайды зерттеу, аса қауіпті аймақтарды анықтау және өртке қарсы іс-шараларды одан әрі жоспарлау мақсатында Қорғаныс министрі өрт шалған аумақтың үстімен ұшып өтті.
Өрт сөндіру жұмыстары Бородулиха ауданында жүргізілуде. ТЖМ жедел штабы Қорғаныс министрлігіне Успенка, Каштак және Талица ауылдары маңындағы...
Бірлігі бекем ел озады
Көпке мәлім осыдан бірнеше күн бұрын Семей өңірінде айтып келмейтін алапат өрт оқиғасы орын алып, қыруар шығын әкелді. Тілсіз жауды тізгіндеу барысында қызыл жалын біраз адамдардың жанын жалмап, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғы әкелді. Көп өтпей апат болған аймаққа арнайы барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырмалар беріп жағдайды өз бақылауына алды. Сондай-ақ, ел Президенті күйзелген жұртқа көңіл айтып...
Апат айтып келмейді
Абай облысындағы алапат өрттен қаза болған азаматтар туралы қаралы хабарды бүкіл еліміз халқы қатты қайғыра қабылдады. Тілсіз жаудың күллі тіршілік иелеріне қандай зардап әкелетінін, соңы орны толмас өкінішке әкеп соғатынын тағы да дәлелденіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апат болған аймаққа арнайы барып тұрғындарымен кездесіп, өз күйзелісін жеткізді. Әрі 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі.
Осыған байланысты халқымыз...
Бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет
Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Заң тұрғысынан алғанда, аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы туларды тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсіріледі. Бүкіл ел бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар тоқтатылды. Алапат өрттің кесіріне 14 адам қаза тапты, бұл үлкен қасірет. Күні кеше...





























