ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерінқарсы алды.
Жас толқынның келуіне арналған шарада шекара басқарманың жеке құрамы толықтай сапқа тұрды. Қазақы ою-өрнекпен көмкерілген көйлек киген әйел әскери қызметшілерәскери өмірге жаңа қадам басқан ұландарға бауырсақтаратты. Саптық алаңда жауынгерлердің ұлттық рухын көтеруге арналған ән-күйлер ойнап тұрды.
Қыркүйек айының соңына дейін жиналған бес жүзге жуық сарбаз Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде Ант қабылдап, шекарашылардың өмірімен танысатын болады. Сонымен қатар, оқу орталағында кинолог, атшы, көлік жүргізушісі, прожекторист, радиолакациондық станциясының операторы, электро-құралдар шебері, шекара бақылаушы, атқыш сияқты мамандықтарға даярланады.
Келесі жылдың қаңтар айының басында «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілері оқу барысында алған мамандықтары бойынша шекара бөлімшелеріне жолданады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облыс бойынша департаменті