Шаңырағы – алтын діңгек

80

Саналы ғұмырын шекара шебіндегі жауынгерлік қызметке арнаған жандарды бүгінгі күннің батырларына балаймыз. Адал қызметтеріне халық жоғары баға беріп, қырағылықтарын өз дәрежесінде бағалауда. Қасиетті қызметті атқарған жасыл күнқағарлылардың үйіндегі басты тірегі – аяулы жары, бала-шағасы. Жанұя бақыты – олардың алтын діңгегі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Қорғас шекаралық бақылау басқармасында аптал азаматтар Отан алдындағы Анттарына адалдық танытып, шекара бұзушылардың жолдарына тосқауыл болуда. Солардың бірі – «Алтынкөл» (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушысы ефрейтор Нұржан Бутабаев.

Нұржан Қазиоллаұлы болашақ жарымен шекарашы атанбай тұрған кезде танысыпты.Сүйген жары Лаураның ағасының тойында алғаш реткездескен.

Екі мыңыншы жылдардың басы болатын… Лаура Нұрболатқызы Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінде оқитын кезі.Нұржан сұлу бойжеткенді танысқан бойда бірден ұнатып қалады. Қолқа салып, қыздың үйінің телефон нөмірін сұрап алады.

Араға күн суытпай ғашық жігіт Лаураның үйіне телефон шалады. Таныстықтары достыққа, достықтары шынайы сезімге айналады. Жазғы демалысы аяқталған шақта бойжеткен оқуын жалғастыру үшін Алматыға кетеді. Нұржан болса, сүйгенінің жатақханасына звандап, ай сайын хат алысып тұрады. Осылайша, олардың махаббатарына аралықтағы шақырымдар мен уақыткедергі бола алмайды.

Келесі жылы Нұржан туған жер алдындағы перзенттік борышын орындау үшінәскер қатарына аттанады. Мерзімді әскерді Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының 6655 әскери бөлімінде өтейді. Аман-есен елге оралысымен сүйген қызын ата-анасымен таныстырады. Университеті ойдағыдай бітірген Лаура Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде ұстаздық жұмысқа орналасады. Араға бірер жыл салып, үлкендердің ақ батасын алған екі жас отау құрады.

Қазіргі кезде Нұржан мен Лаура екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған шаттыққа толы жанұя. Үлкендері Нұрислам 8-ші сыныпта оқыса, Раяна 3-ші сыныптың оқушысы. Ал кішкентайлары Нұрзере екі жаста.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз