ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Алматы» жабдықтау басқармасының біріншілігіне арналған футболдан сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық шарада жиырма екі команда бақ сынады. Тартысты өткен қарымтада ҚРҰҚКШекарақызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің сақшылары үшінші орын алды.
Алматы қаласының орталық стдаионында өткен шараға жетісулық шекарашыларды бастап барған өкіл және бас шабуылшы майор Сұлтан Саменов:
- Адамның физикалық күшін арттыруда, қайраты мен жігерін шыңдауда спорттың алатын орны ерекше. Сондықтан да денешынықтырумен айналысудыәр адам әдетке айналдыруы тиіс.
Ал футбол ойынының өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі алатын орны бөлек. Жастардың алдында аға ұрпақтың футболға деген құрметін үлгі ретінде көрсетеді. Олардың спортқа деген құлшынысын оятады.Бір сөзбен айтқанда, күнделікті өмірімізді денежаттығуларына арнау туралы тәжірибелік насихат болып табылады.
Бүгінгі жарыстың нәтижесінде алдаңғы үштіктен көріндік. Жаман көрсеткіш емес. Біз үшін ең бастысы жақсы ойын көрсету болатын. Біз — ол мақсатымызға қол жеткіздік, — дейді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті