Жылу маусымына дайындық
Жетісу облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде 2024- 2025 жылдың жылыту маусымына әзірлік ерте көктемнен басталған. Бүгінде жылу-электр стансалары дайын, жылу желілері жөнделіп, тозғандары жаңасына ауыстырылды. Барлық жұмыс белгіленген мерзімге сай атқарылып келеді. Бұл жұмыстармен танысу мақсатында өңірдің ақпараттық коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдерін шақырып, баспасөз–турын ұйымдастырды.
Жалпы елімізде жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін 1 қазанда, тұрғын үйлер...
Жатыр мойны обыры және адам папиллома вирусы
Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 мыңнан астам жаңа жағдайлары анықталады және 300 мыңдай әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті.
ЖМО – әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін төртінші қатерлі ісік...
Тұтынушылар құқығы заңмен қорғалған
Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда департамент басшысы Айдос Дауешев Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, атқарған жұмыстары туралы ақпарат берді.
Департаменттің негізгі міндеті ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты...
Президент тапсырмасы-іс жүзінде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған жолдауының төртінші бағыты инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуге арналды. «Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты,яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл - осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды. Энергетика және коммуналдық...
Жетісу облысында 170 мыңнан астам жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсырды
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылы облыста активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет 64,2 мыңнан астам басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 – нысан) өңірде 105 958 жеке тұлға табыс етті, олар 2023 жылы 250.00-нысанды кіріс декларациясын тапсырды.
Бұл ретте...
«Жетісу» көшесі жүлдегер
Өтенай ауылдық округіне қарасты Пригородное ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Таза көше» атты конкурс ұйымдастырылды. Конкурс шарттарына сәйкес, аулаларды абаттандыру, атап айтқанда, гүл отырғызылған және аула қоршауларының боялуы тағы да басқа тұрғындардың креативті идеялары ескерілді. Конкурс нәтижесін қорытындылауға жергілікті қоғамдастық ұйымның мүшелері мен әкімшілік қызметкерлері қатысты. Конкурс жеңімпазы ретінде Пригородное ауылының «Таза көше» номинациясымен «Жетісу көшесі» марапатталды.
АЭС: сенімді энергия көзі
Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша,...
Халықтық штаб өкілдері ассамблея мүшелерімен атом энергетикасының тиімділігі турасында пікір алмасты
Халықтық штаб мүшелері «Достық үйінде» жергілікті этнос өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді баяндады.
Сыр елі өзінің қазақы ортасы мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанған аймақ ретінде көпшіліктің таңдайын қақтырған. Өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің айрандай ұйыған татулығы баршаға үлгі.
Алдымызда тұрған үлкен саяси науқан – жалпыхалықтық референдумда да жұдырықша жұмылып, Мемлекет басшысының маңызды бастамасын қолдайтынын жеткізген ассамблея мүшелері атом энергертикасының...
Қазіргі атом электр стансалары бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз
Акиро Токухиро, Онтарио технологиялық университетінің профессоры: «Қазіргі атом электр стансалары 70 жыл бұрынғыдан әлдеқайда қауіпсіз. Олармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандар қажет. Қазақстанда мұндай мамандар бар. Менің ойымша, 20 миллион халқы бар ел ретінде сіздер ядролық энергетика саласының кәсіби мамандары бар басқа елдерге қосыла аласыздар.Атом энергетикасының пайдасы тек электр энергиясын өндіруде ғана емес, сонымен қатар басқа салаларды дамытуда...
Ардагерлерге құрмет
Барша адамзат үшін бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін жауға қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың көрсеткен ерен ерлігі үлгі. Еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн ұмытылмақ емес. Ел басына күн туған уақытта тұтас елдің азаттығы үшін қасық қаны қалғанша күрескен бабалардың қажымас қайсарлығы, көзсіз қаһармандығы ұрпақ жадында мәңгі сақталары хақ.
Аймағымызда соғыс және еңбек ардагерлерін әрбір...





























