Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда департамент басшысы Айдос Дауешев Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, атқарған жұмыстары туралы ақпарат берді.
Департаменттің негізгі міндеті ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру болып табылады.
«Президенттің тапсырмасын және «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында біздің министрлік жаңа редакцияда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірледі.
Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер:
1) тұтынушылардың шағымдарын қараудың көпсатылы алгоритмін жеңілдету;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі базалық қағидаттар;
4) онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі түзетулер енгізілген.
Жалпы, Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер саны артып келеді. Мысалға 2024 жылдың 8 айы бойынша бойынша Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп (2023 жыл – 544, 2022 жыл – 100 өтініш, яғни 5,8 есеге көбейген), оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 11 373 900 теңге тұтынушыларға кайтарылған. Өтініштердің саны 2022 жылмен салыстырғанда 5 есеге, яғни 100-ден 500 өтінішке өскен.
Тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы, тұрмыстық қызмет, одан кейін электронды сауда алады.
Статистика көрсеткендей, облыстық сауда және тұынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан электрондық сауда саласына өтініштердің үлкен өсуі байқалады.
2023 жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 — ті құрады (оң шешілді – 23), ал ағымдағы жылы 8 айда-78-ны құрады, оның 39-ы оң шешілді»,-деді департамент басшысы.