Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған жолдауының төртінші бағыты инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуге арналды. «Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты,яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл — осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру-өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң-көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет»деген еді, Мемлекет басшысы.
Осы орайда «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтер реформасы шеңберінде желілерді жаңғырту жұмысының қорытындылары және Департамент жұмысының нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлері БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында баяндады. Департамент басшысы Арман Сағымбековтың айтуынша, департамент 46 табиғи монополия субьектілерінің қызметін реттейді. Оның ішінде: су шаруашлығы-18, электр энергетикасы-4, жылу энергетикасы-13, газбен жабдықтау саласында және тағы басқа-11 сала бар. Өткен 6 й ішінде тарифтерді өзгерту бойынша 43 өтінім түсіп,13-і негізсіз деп танылған. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілген. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралса,оның 1 базалық субьект қатарында. «Бұл «ТАЭТК» АҚ (Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы). Мен оған толығырақ тоқталсам… Тарифті өзгерту жобасымен Департаментке жүгінудің негізгі себептері инвестициялық бағдарламаның өзгеруі, әкімшілік және өндірістік персоналдың орташа айлық жалақыларының ұлғаюы болып табылады. Қарау барысында жария тыңдаулар өткізу, БАҚ-та, республикалық және жергілікті веб-сайттарда жарияланымдар орналастыру арқылы жариялылықты, есептілікті және ашықтықты қамтамасыз ету шарттары қатаң сақталды. Барлық тариф құру процесінің түпкі мақсаты — саланы дамыту қажеттіліктері мен халықтың мүмкіндіктерін ескеретін тарифті бекіту. Осы талаптардың барлығын сақтау тарифті түзету кезінде 1,48 теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді «ТАЭТК» АҚ үшін электр энергиясын тасымалдауға 1 кВтсағ үшін 10,90 теңге мөлшерінде орташа тариф бекітілді, бұл өндірістік персоналдың жалақысын 42% — ға ұлғайтуға және оның негізгі бөлігін 148-ден 210 мың теңгеге дейін, әкімшілік персоналдың жалақысын 27%-ға ұлғайтуға және оның негізгі бөлігін 174 мың теңгеден 221 мың теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бір мезгілде 136,97 млн. теңге сомасында қолданыстағы активтерді одан әрі жаңғыртуды көздейтін қосымша инвестициялық бағдарлама бекітілді, бұл шын мәнінде желілердің тозуының төмендеуіне және соның салдарынан авариялық жағдайлардың қысқаруына әкеп соғады»,-дейді департамент басшысы.
Департаменттің 16.05.2024 жылғы № 89-НҚ «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 01.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіле отырып бекітілген. «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясатын іске асыру шеңберінде инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қаражат сомасы 2024 жылға ұлғайтылды 136,975 млн. теңгеге жалпы сомасы 1 336,97 млн. теңгені құрап отыр.
Тарифтердің өсуінен осал халықтың барлық топтары, бұрынғыдай, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде тұрған тұрғын үй көмегі тетігі арқылы қорғалуда. Баяндамашы сөзіне сүйенсек, баға белгілеу функциялары 1 қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісіне «Жетісу Энерготрейд» ЖШС қатысты жүзеге асырылды. Аталған ЖШС Жетісу облысы бойынша электр энергиясын кепілді жеткізуші болып табылады және 195 мың тұтынушыны, оның ішінде 96,6% жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді. 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, Департаментке ұсынылған «Жетісу Энерготрейд» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне шекті бағалардың төмендеуі туралы 23.05.2024 жылғы №04-231 хабарламасының негізінде, көлемінің ұлғаюына байланысты электр энергиясына бекітілген тарифтері:
01.06.2024 жылғы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгені құрайды, ҚҚС-сыз, бұл ретте:
— жеке тұлғалар — 22,74 теңге/кВт.сағ.;
— электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын заңды тұлғалар — 32,60 теңге/кВт.сағ.;
— әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін электр энергиясын пайдаланатын заңды тұлғалар-31,28 теңге/ кВт.сағ.;
— мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар — 75,84 теңге/кВт.сағ.болған.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, электр энергиясына тарифтер бекітілді, Департаментке ұсынылған» Жетісу Энерготрейд» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметіне шекті бағаларды төмендету туралы 25.06.2024 жылғы №04-272 хабарламасының негізінде:
01.07.2024 жылғы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт.сағ. үшін 31,17 теңгені құрайды, ҚҚС-сыз, төмендеу 0,11 теңгені немесе 0,34% құрады, бұл ретте:
— жеке тұлғалар — 22,74 теңге/кВт.сағ. өзгеріссіз;
— электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын заңды тұлғалар — 32,60 теңге/кВт.сағ. өзгеріссіз;
— әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін электр энергиясын пайдаланатын заңды тұлғалар — 31,17 теңге/кВт.сағ. төмендеу 0,11 теңгені немесе 0,34% құрады;
— мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар — 64,95 теңге/кВт.сағ. төмендеу 10,89 теңгеге немесе 14,37% құрады.
Халықпен кері байланыс орнатуда азаматтардың өтініштерін қарауға, олардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілген. 2024 жылдың 6 айында 104 өтініш келіп түсіп,қаралып,жауаптар берілген.
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша Департамент жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін ТМС-мен бірлесіп, орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын және жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Жетісу облысы бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде халыққа қайтарылуға жататын сома ҚҚС-пен 6 073 799,68 теңгені құраған. Оның ішінде:
— «Талдықорғанжылусервис» МКК — 6 007 277,42 теңге;
— «Текелийский энергокомплекс » ЖШС — 66 522,26 теңге.
Департаментпен «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару» 9 мемлекеттік қызмет көрсетілген:
Департаментпен табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізілмеген және әкімшілік істер қозғалмаған.