Жақында ғана Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада дала данышпаны аталған ата-бабалардың ұлт мәдениетін сақтап, әр дәуірдегі ғылым, білім, экономиканы дамыту арқылы, адамзат өркениетіне қосқан өлшеусіз үлесі айрықша атап көрсетілді.

Соның ішінде, байтақ даланың баға жетпес асыл қазыналары саналатын ұлт мұрасының орны ерекше екеніне кеңінен тоқталды. Сонымен бірге тамыры терең тарихымызға қазіргі ғылымның асқар биігінен қарау ұсынылды. Кең байтақ қазақ жері бір ғана ұлттың емес, түбірі бір түркі елінің алтын бесігі екендігі айтылды. Қазақстандықтар өзінің ұлы тарихымен мақтануы тиіс. Президенттің жаңа мақаласында Ұлы даланың тарихына қатысты терең ой, үлкен көзқарас жатыр. Онда айтылған ұсыныстар бабаларымыздан келе жатқан ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі халықтарының бірлігін бұрынғыдан да нығайтуға жаңа серпін, жаңа жігер беретіні анық.

                                                                                          Әли Алпысбаев,
І.Жансүгіров атындағы мәдениет

                                                                            сарайының директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK